Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

30. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

(15.06.1939 ж, Толыбай а/к дүниеге келген.) 1957 ж. Жаңақаладан орта мектепті бітірген. 1958-59 жж. Ордада СПТУ-да оқып, бригадир-тракторист мамандығын алып шығады. 1960-1962 жж. Құрманғазы атындағы совхозда тракторист. 1962-1970 жж. бригадир, бөлімше меңгерушісі. 1968 ж. 15 мамыр айында Қазақ ССР Жоғарғы Советінің грамотасына ие болады. 1975 ж. Орал Ауылшаруашылық техникумында сырттай оқып, зоотехник мамандығын алып шығады. 1975-1980 жж. Саратов қаласындағы ауылшаруашылық институтын сырттай бітірген. Көп жылдар Т.Масин атындағы совхоздың ферма меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 16.12.80 ж «Қазақстанға еңбек сіңірген Ауылшаруашылық қызметкері» атағымен марапатталады. 1997 ж. зейнеткерлікке шыққан соң жеке шаруа қожалығын құрды. 2001 ж. 16 желтоқсанда Ел президентінің «Алғыс хатымен» марапатталды. 2002 ж. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Қазір жеке шаруа қожалығының жетекшісі болып жұмыс атқарып келеді.

Е.Габдуллинге Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2-14 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
136

Еще по теме

30. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz