3 ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ
«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске мақсатында аудандық жол картасының 71 тармағына сәйкес Хан ордасы ауылындағы визит орталық пен әкімшілік сәулет-мәдени құрылысы және Жәңгір атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары, Хан ордасы ауылдық Мәдениет үйінің күрделі жұмыстарының іске асуын бақылау мақсатында партия жанынан аудандық партиялық бақылау посттары құрылды. Құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін партиялық бақылау бекеті мүшелері үнемі бақылау шараларын жүргізетін болады.
1. Визит орталықтың құрылысын бақылауға жауапты: Махимов Ғайса Темірболатұлы, аудандық мәслихат депутаты.
2. Жәңгір хан атындағы орта мектептің жөнделуін бақылауға жауапты: Түсіпқалиева Аягөз Сатқанғалиқызы, аудандық мәслихат депутаты
3. Мәдениет үйінің жөнделуін бақылауға жауапты: Елемесов Қуаныш Елеуұлы, партиялық бақылау комиссияның төрағасы
