Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

3. ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТТАЛҒАН ҚАЛА

Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші.

Біз – білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, қала халқының тұрмыс жағдайы мен деңгейін арттыратын боламыз.

Медициналық қызмет көрсету сапасын арттырамыз

COVID-19 пандемиясы Денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қауіп төндірді. Бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек.

«Nur Otan» партиясы Қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің жоғары әлемдік стандарттарға сай болуын және медицина саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді жақтайды.

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы:

- Онлайн-медицинаны дамыту.

- 2021 жыды Жаңаөзен қаласының «Ақбұлақ» ш/а-да, Рахат ауылының «Мерей» ш/а-да және Қызылсай ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысын салуды;

- 2021 жылы Жаңаөзен қаласындағы облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының филиалы үшін Теңге, Қызылсай, Рахат ауылдарына модульді қосалқы станциясын салуды;

Қабылданған шаралар күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткішін 73-тен 75 жасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Білім сапасын жақсартамыз

Сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету – қаланы одан әрі дамыту үшін маңызды шарт болып табылады.

Пандемия кезінде 32,3 мыңнан астам мектеп оқушысы мен 4,2 мың студент оқытудың жаңа қашықтықтан оқыту форматына көшті.

Білім беру нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында – 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуға, мектептерде үш ауысымдық оқытуды жоюға ықпал етеміз.

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы:

- Заманауи дистанциялық технологияларды енгізуді;

- Жаңа талаптарды ескере отырып, педагогтарды даярлауды;

- Жаңаөзен қаласында 1 200 орындық 1 орта мектеп, Рахат ауылында 900 орындық 1 орта мектеп, Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарындағы 3 орта мектепке қосымша

864 орындық (әр қайсысына 288 орындық) жапсаржай салуды;

- 8 білім беру нысанның қоршауларын салуды (5 орта мектеп пен 3 балабақша);

- 15 білім беру нысандарына күрделі жөндеуден өткізу және жабдықтауды (12 мектеп және 3 балабақша);

- 14 білім беру нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді (10 мектеп және 4 балабақша);

- Жеке инвесторларды тарта отырып, мектепке дейінгі ұйымдар салуды;

Бұл шаралар 41,4 мың оқушы мен 2,7 мың мұғалім үшін білім беру саласында қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.

Тең мүмкіндіктер жасайық

Өңірде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құрылатын болады.

«Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

- 2021 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуді (пандустар, тұтқалар және т.б.);

- Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 5 бірлік Инватакси сатып алуды;

- Инклюзивті орталық ашу және тиісті мамандармен қамтамасыз етуді;

- Жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар адамдарды кресло-арбалармен, протездік бұйымдармен, тифлотехникалық құралдармен қамту және оларға санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыруды;

- Мұқтаж азаматтарға жергілікті бюджет және меценаттар қаражаты есебінен жыл сайын материалдық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Бұқаралық спорт үшін жағдай жасаймыз

Алдағы бес жылда партияның жеке назары ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты спортпен жаппай айналысуға тартуға бөлінетін болады.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы:

- 2021 жылы әмбебап спорт кешенін салуға (ауданы 1 мың м2);

- Теңге, Рахат және Қызылсай ауылдарында 3 спорт залын салуға (әрқайсысы 50 адамға);

- №2 «Энергетик» БЖСМ ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге;

- А.Тұяқов атындағы стадион аумағында халықты бұқаралық спортқа тарту үшін спорт паркін (воркаут, жүгіру жолы, роликпен сырғанауға арналған жол, скейт-парк, көлемді шахмат алаңы және т. б.) құруға қол жеткізеді.

Нәтижесінде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын тұрғындарды қамтуды 35%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

#nurotan #nurotanmangystau #nurotanzhanaozen

0
0
125

Еще по теме

3. ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТТАЛҒАН ҚАЛА - Yvision.kz