Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

3. ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТТАЛҒАН ҚАЛА

Барлық қазақстандықтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау, тұрғылықты жеріне қарамастан «Nur Otan» партиясының негізгі міндеті болып табылады.

Партия халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша нақты, практикалық жұмысты жалғастырады.

Медициналық қызмет көрсету сапасын арттырамыз

Қала үшін онкологиялық аурулар өзекті болып қалуда (өлім – жітім саны жылына 130 адам).Ана өлім-жітімін болдырмау және нәресте өлім-жітімінің көрсеткішін 1 мың туылғандарға шаққанда 7,8-ден 7 жағдайға дейін төмендету.

Қаланың әрбір тұрғыны үшін сапалы денсаулық сақтауға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін «Nur Otan» партиясы:

➢ 2021 жылы Маңғыстау облыстық көп салалы балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне күрделі жөндеу жүргізуге;

➢ 2021 жылға 100 орындық жаңа онкологиялық орталықтың құрылыс жұмыстарын аяқтауға;

➢ Медициналық ұйымдарды жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықтауға (компьютерлік томографтар, сараптамалық кластағы Ультрадыбыстық жүйелер, ӨЖЖ аппараттары, сандық рентген аппараттары, оттегі концентраторлары, оттегі станциялары);

➢ Карантиндің шараларды сақау жағдайында медициналық персонал үшін медициналық мақсаттағы бұйымдармен (қорғаныш костюмдері, қалқандар мен маскалар, аяқ киім, дезинфекциялау құралдары) қамтамасыз етуге;

➢ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің шеңберінде кепілді тегін медициналық көмек бойынша халықты дәрі-дәрмектермен одан әрі қамтамасыз етуге;

Бұл шаралар күтілетін өмір сүру ұзақтығы көрсеткішінің 74,6-дан 76,4 жасқа дейін ұлғаюына қол жеткізуге көмектеседі.

Білім сапасын жақсартамыз

Барлық деңгейде сапалы, заманауи білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – қаланы одан әрі дамыту үшін маңызды шарт болып табылады.

Білім алуға қолайлы жағдай жасау, материалдық-техникалық базаны нығайту және білім беру сапасын арттыру қажет.

ҰБТ-де 100-ден жоғары балл жинаған оқушылар санының 10%-ға арттыру және мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамту деңгейін сақтау мақсатында қаланың білім беру ұйымдарында қолайлы жағдай жасау қажет.

Барлық деңгейдегі білім берудің қолжетімділігін арттыру мақсатында «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін:

➢ 7 жаңа мектеп 16, 17, 18, 19, 19а, 31а шағын-аудандарда, Рауан тұрғын-үй массивінде және 32А, 34 шағын-аудандағы, Өмірзақ ауылындағы мектептерге қосымша құрылысын салуға (барлығы 6,9 мың орын.);

➢ Мектептер жанындағы шағын-орталықтар негізінде қосымша білім бойынша балаларға арналған үйірмелер мен клубтар ашуға;

➢ 2023 жылы халықаралық Абай атындағы мектебін және «EtonHouse» мектебін ашуға;

➢ Жаңа шағын аудандардың көп қабатты тұрғын үйлерінде барлығы 1 930 орындық 30 шағын орталық ашуға;

➢ Барлығы 2 140 орынды 9 бала-бақша салуға;

➢ Орта білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңмен нығайту және мұғалімдердің біліктілігін арттыруға (мектеп парталары мен орындықтарының 4 801 жиынтығы, 1 500 компьютер);

➢ Басқа өңірлерден тартылған педагогтарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге;

➢ Оқушыларды үйден қашықтық жүйесі бойынша оқытуды ұйымдастыру үшін мүжәлісіз отбасы балаларын компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге (жылына орташа есеппен 150-200 дана);

Бұл шаралар білім беру саласында 11 мың оқушы мен 7,5 мыңнан мұғалім үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.

Тең мүмкіндіктер жасаймыз

Қаланың толыққанды өмір сүруін қамтамасыз ету үшін біз әр түрлі санаттағы азаматтар үшін қолайлы жағдай туғызып, оның одан әрі дамыту жөнінде шешім қабылдауға барлық тұрғындарын шақыруымыз керек.

«Nur Otan» партиясы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және аға буынның белсенді ұзақ өмір сүруіне жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

➢ 2025 жылға қарай әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 200 объектілерінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз ортаны толық қамтамасыз етуге қол жеткізуге;

➢ Қаланың ең жанданған 10 қиылысында көру қабілеті бұзылған мүгедектер үшін дыбыс сигнализациясын орнатуға;

➢ 2025 жылға дейін мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін

4 «Инватакси» каретасын сатып алуға;

➢ Үйде әлеуметтік қызмет көрсету қалалық орталығы жанындағы жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедек балалар үшін бос уақыт үйірмелерін ұйымдастыруға жәрдемдесуге;

➢ Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қол жетімділігі шеңберінде «Openspace» типті азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге;

Бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасаймыз.

Партия алдағы бес жылға арналған өз жұмысында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты жаппай спортпен айналысуға тартуға бағытталатын болады. «Nur Otan» партиясы қаланың спорттық инфрақұрылымын кеңейтуді мақсат етіп отыр.

Ол үшін біз:

➢ Жыл сайын 100 мың адамды қамти отырып, 300 спорттық іс-шара өткізуге;

➢ 2022 жылға қарай Өмірзақ ауылында көпфункционалды спорт залының құрылысын салуға;

➢ 2025 жылға дейін жыл сайын 10 жаңа балалар және 10 кешенді спорт алаңдарын жабдықтауға;

➢ 2025 жылға дейін 32-ші шағын ауданда «Мүз айдынның» құрылысын жұмыстарын жүргізуге және ашуға ықпал етеміз.

Нәтижесінде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халықты қамту 44%-дан 46,5%-ға дейін артады.

0
0
143

Еще по теме

3. ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТТАЛҒАН ҚАЛА - Yvision.kz