• 10336
  • 3
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жайықтың бойындағы жаңарған қала

Кеше Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында облыс әкімі Бергей Рысқалиевтің қатысуымен Атырау қаласы әкімінің есеп беру жиналысы өтті. Жиналысқа ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қ.Бәйімбетов, ҚР Парламентінің депутаттары С.Еңсегенов пен Б.Қонарбаев, қалалық мәслихат депутаттары, селолық округ әкімдері, еңбек ардагерлері, орта және шағын бизнес өкілдері, қаладағы мекеме-кәсіпорын басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Атырау қаласы әкімі М.Исмұратов «Атырау қаласының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2010 жылға арналған міндеттері туралы» баяндама жасады.

2009 жылы барлық меншік түріндегі өнеркәсіп кәсіпорындармен 106 млрд. 500 млн. теңгенің өнімі алынып, өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 100,3 % пайызды құрады.

Кен өнеркәсібінде 53 млрд 472 млн теңгенің, өңдеу өнеркәсібінде 36 млрд 383 млн теңгенің өнімі өндірілді. Электр қуатымен, газ бен су өндіру және таратуда 2008 жылдың сәйкесі кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 115,9 пайызды құрады.

Ауыз су өндіру көлемі 25 млн 346 мың текше метрді құрап, 2008 жылдың сәйкесті кезеңінен 1,5 пайызға артық болды.

Қазір жүзеге асырылып жатқан өнеркәсіптегі маңызды жобалардың бірі – Атырау жылу электр орталығын кеңейтіп, қайта құру. Жоба ойдағыдай жүзеге асқанда қала және облыс тұрғындары электр қуатымен, жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Бұл жоба бойынша 26 жаңа ғимараттар мен құрылғылар тұрғызылмақшы.

2009 жылы Атырау жылу электр орталығының ІV кезегінің бірінші кезеңі аяқталып, 11 млрд 800 млн. теңге игерілді.

Әрине, құрылыста Қазақстанның әр облысынан шақырылған 200-ден астам мамандар жұмыс істеуде. Өткен жылдың шілде айының басында қуаты 25 МВт (мегават) болатын 1 жылу агрегаты мен 1 тұрба агрегаты пайдалануға тапсырылды.

Атырау жылу электр орталығы ІV кезеңінің құрылыс жобасын аяқтау 2010 жылдың аяғына жоспарланып отыр.

Жаңа жылдың 1 қаңтарына мал шаруашылығындағы түлік санының 2009 жылы едәуір өскендігін көреміз. Мүйізді ірі қара мал саны 9752 басты, қой-ешкінің саны – 7318, түйе – 1888 басты, жылқы – 918 басты құрады.

Ет өндіру тірі салмағы бойынша – 23811 тоннаны, сүт өнімі – 4073 тоннаны құрады.

1407 гектарды құрайтын егіс көлемінен 2009 жылы 4919 тонна картоп, 26129 тонна көкөніс және 5732 тонна бақша дақылдары жиналды. Бұл көрсеткіштер 2008 жылмен салыстырғанда айтарлақтай жоғары.

Өткен жылдың сәуірі мен қараша айларының аралығында 64 жәрмеңке өткізіліп, оларда азық-түлік өнімдері 15-20% пайызға төмен бағамен сатылды.

Өткен жылы «Казагрофинанс» акционерлік қоғамы арқылы 700 мың теңгеге тиегіш техникасын, 1,5 (бір жарым) млн. теңгеге престеу-жаныштау техникасы сатылып алынды. Облыс бюджеті есебінен ауыл шаруашылығы кәсібін қолдауға 3 млн теңге бөлінгенін айта кеткен жөн. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Атырау аймақтық филиалы арқылы село тұрғындарына 5 млн 700 мың теңге несие берілді.

Қала өндірісін әрі қарай дамыту мақсатында болашақта салынатын инновациялық маңызы бар 5 жоба жүзеге асырылуда. Мұнай өнеркәсібі үшін қуаттылығы жылына 10 мың тонна реагент өндіретін зауыт; газ айдау агрегаттарын жөндеу зауыты; балық пен тағамдық уылдырық алу үшін бекіре фермасы; қалада көкөніс сақтау қоймасы; тұрғын үй құрылысы үшін панель өндіру зауыты құрылыстары жүргізілуде.

Бұл құрылыстардың бәрі де үстіміздегі жылы жүзеге асырылып, іске қосылады.

Республикалық индустрияландыру картасына жалпы құны 7 млрд 500 млн АҚШ долларын құрайтын мынадай үш жоба енді: газ-мұнай кешенін салу, бензол мен хош иісті көмірсутегін шығару кешенін салу арқылы Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңарту, Атырау жылу электр орталығын кеңейту.

2009 жылы негізгі капиталға инвестиция тарту көлемі 981 млрд 900 млн теңгені құрап, жалпы облыс көлемінде 91 % пайыз болды және бұл 2008 жылмен салыстырғанда 44% пайызға артты. Негізгі қаржыландыру көздері – шетелдік инвестиция мен шаруашылық субъектілерінің жеке қаражаттары.

Өткен жылы бой көтерген тұрғын үйлердің барлығы өз иелерін тапты деуге болады. Былтыр 400-ден аса мұғалім мен дәрігерлердің және күні кеше ғана құқық қорғау саласы қызметкерлерінің пәтер кілттерін алуы – соның айғағы.

2009 жылы тұрғын үй құрылысына 13 млрд 768 млн теңге инвестиция жұмсалды. Барлық меншік түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар арқылы жалпы көлемі 334 мың 167 шаршы метрді құрайтын 2325 жаңа пәтер пайдалануға берілді.

«Нұрсая» шағын ауданында бюджеттік мекеме қызметкерлеріне арналып салынған жалпы көлемі 4052 шаршы метр бес қатарлы несиелік үш тұрғын үйдің және жалпы көлемі 9360 шаршы метр бес қатарлы жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Сатыбалдиев көшесі бойындағы екі 60 пәтерлік және төрт 30 пәтерлік коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысы жалғасуда. Оған қосымша Сатыбалдиев көшесінде 90 пәтерлік тұрғын үйдің және Сырым Датов көшесіндегі үш коммуналдық тұрғын үйдің құрылыстары жүргізілуде.

Өткен жылы бөлшек сауда айналымының көлемі 60 млрд 400 млн. теңгені құрап, биылғы жылдың көрсеткішінен 5,6% пайызға артық болды.

Азық-түлік тағамдарына баға өсімін шектеу және әлеуметтік маңызы бар тағамдармен мол қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылы 5 базар, 3 супермаркет әкімшілігімен және 18 көтерме тасымалдаушылармен 5 меморандумға қол қойылды.

Бекітілген шаралар шеңберінде көшпелі сауда үшін 232 орын бөлінді. «Насиха», «Көктем» және «Дина» базарларының иелерімен жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдары мен кәсіпорындарына ет және көкөніс өнімдерін сату үшін қосымша орын бөлу жөніндегі келісімге қол жеткізілді.

Онда азық-түлік өнімдері 15-20% пайызға төмен бағамен сатылу ұйымдастырылды. Мұндай жәрмеңкелер өткен жылдың сәуірінен қараша айына дейін жалғасты.

Қараша айында бірқатар супермаркеттер мен дүкендерде «Қымбатшылыққа жол жоқ» акциялары өткізілді. Акцияның мақсаты – тұтынушылардың отандық тауарға деген қызығушылығын арттыру және отандық азық-түлік өнімдерін 10% пайызға арзан бағамен сату.

Ракуша-2, Құрманғазы, Еркінқала елді мекендері мен «Сарықамыс-2», «Көктем», «Нұрсая-2», «Жұлдыз-2» ықшам аудандарында жалпы ұзындығы 90 шақырым электрлік жабдықтау желілерін жүргізу, ал қала көшелеріне жалпы ұзындығы 17 шақырым жарық желілерін тарту жұмыстары аяқталды.

2009 жылғы құрылыстық жұмыстар шеңберінде жалпы ұзындығы 42 шақырым су құбыры мен кәріз жүйелеріне күрделі жөндеу жүргізіліп, қайта құрылды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен 63 млн теңгеге «Тұрғын үй қалашығы» ықшам ауданында сумен жабдықтауды қайта құру жұмыстары жүргізіліп, жалпы ұзындығы 2 шақырым су құбыры желісі төселді, насостық су көтеру стансасы салынды.

Қазір қалада №5 су сүзу стансасының құрылысы жалғасуда.

Өткен жылы екі рет өткізілген қаланы көріктендіру айлықтарына 1639 кәсіпорын мен мекеме, шағын және орта бизнес субъектілері, оқу орындары белсене қатысты. Соның нәтижесінде қала және елді мекендер аумағынан 27375 текше метр құрғақ қоқыс қалдықтары, 9000 тонна металл сынықтары және басқа да тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Қала көшелері мен алаңдарына 418 жаңа отырғыш және 200 қоқыс жәшігі алаңшалары мен 500 қоқыс жәшігі орнатылды. Алаңдар мен даңғылдарға 20 мың тал ағашы мен жалпы ауданы 7471 шаршы метр гүлзар, 44093 шаршы метр көгал егілді.

Жөндеуден өткен жолдың ауданы 610 мың шаршы метрді, ұзындығы 140 шақырымды құрайды. Өткен жылғы жұмыстардың көпшілігі Томарлы, Талқайраң, Тасқала елді мекендері мен Құрсай, Курилкино ауылдарындағы жолдар мен аулаішілік кірме жолдарды қамтыды. Қала ішінде жалпы ауданы 29 000 шаршы метр құрайтын Баймұқанов көшесі, темір жол вокзалының аумағы, Әуежай алаңында қайта салу жұмыстары жүргізілді.

Жайықтың Еуропа мен Азия бөлігіне емін-еркін қатынауға мүмкіндік берген қос көпір, қала көшелеріндегі көліктік кептелістердің нәтижелі шешімі болды.

Халыққа қызмет көрсету саласының бірі – қалаішілік жолаушы тасымалы. Қазір, қала ішінде 17, қала маңына 13 маршрут бойынша 8 жеке көлік компаниялары жолаушы тасымалы қызметін жүзеге асырады. Жолаушы тасымалдаудың басым бөлігі 250 шағын, 239 орташа сыйымдылықты автобустармен атқарылуда. Қалаішілік жолаушы тасымалы секторының даму бағыты «Батыс Транспорт СИМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үлкен автобустар сатып алуымен байланысты болып отыр.

2009 жылы қала мен елді мекендерге 4692 телефон аппараты орнатылып, интернет желісін пайдаланушылар саны 19441-ге жетті. Сонымен бірге жаңа Жұлдыз, Ривьера, Нұрсая ықшам аудандарында телефон аппараттары орнатылды.

«Ақпарат тарату порттарының сыйымдылығын кеңейту, Атырау қаласында абоненттік мультисервистік ену жүйесін салу» жобасы шеңберінде 10752 портты ақпарат тарату жүйесі кеңейтілді.

Балықшы және Қызылбалық учаскелерінде талшықты-оптикалық байланыс желісін (ВОЛС) төсеу арқылы қосу желісін (СЛ) салу жұмысы аяқталды. Жаңаталап және Амангелді селоларында жаңа мультисервистік абоненттік шкафтарға қосу жұмыстары жүргізіліп, студенттер қалашығы аумағындағы тұтынушылар да жаңа мультисервистік абоненттік шкафтарға ауыстырылды.

Өткен жылы Алмагүл ықшам ауданындағы телефон стансасының (АТС) сыйымдылығы 188 нүктеге кеңейтілді.

2009 жылдың 1 желтоқсанына халық саны 230 196 адамды құраған.

Атырау қаласында халықтың табиғи өсу процесі жалғасып, 4898 адамды құрады. 2008 жылы 4462 адам болған.

Баланың дүниеге келу көрсеткіші 6648 адамды құрап, 2008 жылдың сәйкесті кезеңінен 352 адамға артып отыр.

2010 жылдың 1 қаңтарына Атырау қаласындағы экономикалық белсенді тұрғындар саны 116 829 адамды құрады. 2009 жылы қалалық уәкілетті органға жұмыспен қамту мәселесі бойынша 10598 адам өтініш білдірген. Оның 99,2% пайызы жұмысқа орналастырылды.

Жұмыссыз азаматтардың 5226-сы кәсіби және қайта даярлау курстарына, оның ішінде «Жол картасы» бойынша 4387 жіберілсе, қоғамдық жұмысқа 1550 адам тартылды. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 168 мекемемен келісім-шарт жасалып, нәтижесінде 754 оқу орнын бітірушілер өндірістік тәжірибеден өтуге қол жеткізді. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 1623 адамды әлеуметтік жұмыс орнымен қамтамасыз ету үшін 65 мекемемен келісім-шарт жасалды.

2009 жылы қаладағы экономиканың әр түрлі саласы бойынша 14592 жаңа жұмыс орындары, оның ішінде «Жол картасы» бойынша 7468 жұмыс орны ашылды. Оларда жұмысқа орналастырылғандар саны – 5390 адам. Бұлардың бәрі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне мүмкіндік берді. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,4%-пайызға дейін төмендеп, ресми жұмыссыздық деңгейі 0,1% пайызды құрады.

Халықты әлеуметтік қамсыздандыру саласы арқылы 2009 жылы әлеуметтік көмек алушы 217 отбасына 17,5 млн (он жеті млн жарым) теңге жәрдемақы төленді. Үйден оқып, тәрбиеленетін 183 мүгедек балаға 4 млн 700 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді. 1185 тұрмыс жағдайлары төмен отбасыларына 12 млн 130 мың теңге материалдық көмек, 155 Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, республикаға еңбегі сіңген 67 зейнеткерге және облысқа еңбегі сіңген 122 зейнеткерге жалпы құны 8 млн. 600 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. 446 Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге, Ауған соғысының ардагерлеріне, соғыста қаза тапқандардың жесірлеріне коммуналдық қызмет ақысынан босатылуына сәйкес 17 млн. 300 мың теңге көлемінде көмек төленді.

150 адам шипажай-курорттарда ем алып, 65 мүгедекке техникалық, гигиеналық құралдар алуына 35 млн. 800 мың теңге жұмсалды. Аз қамтылған отбасыларының 45 студентіне 6 млн 300 мың теңге білім алу көмегі төленді.

Былтыр қала бойынша туберкулезбен ауырғандар саны – 348-ді құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 74 адамға кемігенін көрсетті. Бұл сырқат бойынша балалар арасында – 14 жағдай тіркеліп, 2008 жылға қарағанда 2 адамға кем. Туберкулезбен ауру жасөспірімдер арасында 43 жағдайды құрады.

Жоспарлы флюротексеруден 102 604 адам, яғни, 99,2% пайыз қамтылды.

Қазір қалада 32 мектепке дейінгі балалар мекемесі бар. Жалпы білім беру мектептерінің жанында 33 шағын орталықтар жұмыс жасайды. Онда тәрбиеленетін балалар саны – 8059. Өткен жылы балалар мекемесімен қамту – 48% пайызды құрады.

Мектепке дейінгі балалар гимназиясының, №6, №8, №30 бала бақшалардың канализация және жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілсе, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 5 балабақшаның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

2009 жылы бірыңғай ұлттық тестілеуге 1143 оқушының 1016-қатысты, 47 оқушы дәстүрлі емтихан тапсырды. Тест қорытындысы бойынша 20 оқушының 13-і «Алтын белгіге», 7-еуі «үздік аттестатқа» ие болды. 1143 оқушының 145-і мемлекеттік грантқа қол жеткізіп, 895-і жоғары оқу орнына түсті.

Жазғы демалыс кезеңінде қала бойынша 36609 бала сауықтыру лагерлерінде демалып, 99,7% пайызды құрады.

Қала мектептері 31-і асханамен, 13-і буфетпен қамтамасыз етілген.

Мектептерден шалғайда тұратын 572 оқушыға тасымалдау ұйымдастырылды. Аз қамтылған және көп балалы отбастарына, жетім, жартылай жетімдерге – жалпы саны 4363 балаға 7 млн 798 мың теңге бөлініп, 540 оқушыға мектеп құралдары сатылып алынды. Сондай-ақ ұлттық «Атамекен» палатасынан, облыс әкімдігінен, қала әкімдігінен, қалалық білім бөлімінен, «Жерлес» қоғамдық бірлестігінен, «Атырау-Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мектепке дейінгі балалар мекемесінен, жергілікті жеке кәсіпкерлерден барлығы 313 балаға демеушілік көрсетілді.

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 2009 жылы 2 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, қаладағы 7 мектеп, 1 балабақша күрделі жөндеуден өткізілді. «Аджип компаниясының демеушілігімен №3 мектепте күрделі жөндеу жүргізілуде.

Қаланың мәдениет саласында 42 мекеме, оның ішінде 1 Мәдениет үйі, 15 клуб пен клубтық мекемелер, 2 орталықтандырылған кітапхана жүйесі жұмыс жасайды. 17 халық шығармашылығы ұжымдары өз жұмыстарын жемісті жүргізуде. Кітапханалардың кітап қоры – 199 838 дана. Оқырмандар саны күннен күнге көбеюде: қалада -1300, ауылдық жерлерде – 514 адамға көбейді.

2009 жылы дене шынықтыру және спорт саласы бойынша қалада 80-ге тарта әр түрлі деңгейдегі жарыстар өткізілді.

Өткен жыл Атырау үшін – спорттық жетістіктердің жемісті жылы болды. Қала тарихында алғаш рет кәсіпқой футбол, волейбол, баскетбол клубтары Қазақстан кубогын жеңіп алды. Спорттың басқа түрлерінен де жастарымыз әлемдік деңгейдегі жүлделерге ие болды.

Нұрсая шағын ауданында 800 орындық мұз айдыны іске қосылды. Сонымен бірге, Авангард ықшам ауданындағы №1 және тұрғын үй қалашығындағы №2 олимпиадалық резервтегі арнаулы балалар-жасөспірімдер спорт-мектебі үшін екі спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Өткен жылы қалада барлық қызмет желісі бойынша 2431 қылмыс тіркелді. Ауыр қылмыс 569 болып, 2008 жылдың деңгейінен 7,9% пайызға көбейіп отыр.

Төтенше жағдайлар қызметі бойынша 279 өрт оқиғасы орын алып, бұл 2008 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 14,9% пайызға азайғанын көрсетті. Өрт салдарынан 13 адам қаза тауып, шығын көлемі 27 млн 739 мың теңгені құрады.

Қала бойынша 88 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осының салдарынан 38 адам қаза тауып, 73 адам жарақаттанды.

Ауыр жағдайдың алдын-алып, мұқият бақылау жүргізудің тиімді шарасы – бейнекамералар орнату. Қазір облыс орталығында 37 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Жайық өзені жағалауына 17 бейнебақылау камерасы орнатылды. Бейнебақылау камераларының көмегімен 11 388 қылмыс пен құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қылмыс – 189, құқық бұзушылық саны – 11 199. Бұлардан жалпы 95 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, жергілікті бюджетке 56 млн 500 мың теңге өндірілді.

Облыс әкімі Бергей
Рысқалиевтің Атырау қаласы әкімінің есеп беру
жиналысында сөйлеген сөзі.

2009 жылды шығарып салып, 2010 жылды қарқынды бастап кеттік. Өткен жылдың қиындығы аз болған жоқ. Елбасының тапсырмаларын бағдар қылып, қажырлы еңбектің арқасында осы қиындықтарды жеңе білдік. Соның ішінде, Атырау облысында ауқымды жобалар іске асып, бүкіл ел экономикасына серпін берді.

Жақсы жетістіктеріміз бар. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша Атырау – республикада алдыңғы қатарда.

Билік пен халықтың бірлескен қимылының жемісі деп есептеймін бұны.

Биылғы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы алдымызға тың міндеттер қойып, асу биіктерге жетелеп отыр. Бұған дейін барлық аудандарды аралап шықтым. Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау жөнінде аудандар басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Өңіріміздің даму үрдісінде Атырау қаласының алар орны ерекше.

Ол – бүкіл өңіріміздің айнасы. Қалаға қарап, алыс-жақын жерлерден келгендердің жалпы облыс туралы ұғымы қалыптасады. Атырау бүгінде тек республика емес, күллі әлемге әйгілі. Демек, облыс орталығының экономикасы, әлеуметтік жүйесі, халқының тұрмыс-тіршілігі, қаланың инфрақұрылымы, сыртқы келбеті – барлығы да биік мәртебесіне лайық болуы тиіс. Қаланың проблемалары ешқашан назарымнан тыс қалған емес.

Нәтиже бар. Соңғы жылдары облыс орталығы қаншама көркейгенін көзбен көріп отырмыз. Шын мәнінде қазіргі заманғы инфраструктурасы бар, келбеті келіскен қалаға айналды. Бірақ бұнымен шектеліп қалуға болмайды.

Сондықтан, облыс орталығын одан әрі дамытып, халқының әл-ауқатын көтерудің пәрменді шаралары алынуда.

Жылда облыс бойынша атқарылып жатырған жобалардың 70 пайызы қалаға тиесілі.

Былтыр әлеуметтік және инфрақұрылым нысандарының құрылысына облыстық бюджеттен 26 млрд. теңге бөлінсе, биыл да тап осындай қаржының жұмыстары қаралып отыр.

Бұл дегеніміз облыс орталығында салынатын білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандары, балабақшалар, газ, су, электрэнергия, канализация, сумен жабдықтау желісі, коммуналдық шаруашылық жүйесі, жол, көпір, тұрғын үй құрылысы, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары, басқа да көптеген әлеуметтік объектілер.

Өздеріңіз білесіздер, ел экономикасындағы құбылыстарға қарамастан, облыстың даму бюджеті жылдан-жылға өсіп келеді. Экономиканы құраушы барлық салада үлкен көрсеткіштерге қол жеткіздік. Миллиондаған тонна мұнай, миллиардтаған текше метр газ өндірілді.

Ауыл шаруашылығы мен шағын және орта бизнестің көрсеткіштері есепті кезеңде кеміген жоқ. 27 мың адамды жұмысқа орналастырдық.

Қазынамызды сырттан келіп ешкім толтырып беріп жатқан жоқ. Ол Президенттің өңірді тікелей қолдауы, сіз бен біздің атқарып жатырған ортақ ісіміздің, табанды тірлік пен тегеурінді әрекетіміздің нәтижесі.

Осы орайда, бүкіл қала халқына рахмет айтамын.

Қала жетістіктері туралы әкім өзі айтып кетті, естідіңіздер. Оларға тоқталмай-ақ қояйын. Қалада біраз мәселе шешілді. Ең бастысы, атыраулық тұрғындардың қарапайым тұрмысқа қажеттілерін жақсарту үшін біраз шаруа атқарылды. Оның бәрі көз алдарыңызда.

Қазір жылдан-жылға қала халқы көбеюде. Бұдан он жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 60 пайызға өскен. Жаңа ықшам аудандар, поселкелер, көшелер, аулалар қосылуда. Мыңдаған шетелдіктер жұмыс жасап жатыр, қаншама қонақтар келіп, кетуде.

Бұның барлығы қаланың жұмысын одан әрі жандандыруды, ұтымды ұйымдастыруды талап етеді. Осыған байланысты облыс орталығында шешілуі тиіс міндеттер жетерлік.

Ең алдымен, қаладағы қызмет көрсетуші кәсіпорындардың жұмысы тиісті деңгейде емес. Түсінікті, бюджеттің қаражатын игеріп, жұмыс атқару әркімнің қолынан келеді. Себебі бұл бағытта қаланың көріктендіру, тазалығы, көгалдандыру, абаттандыру, инфрақұрылымын жақсарту – барлығын тек бюджеттің қаражатына жасап отырмыз. Ал ірі кәсіпорындар мен компаниялар, шағын және орта бизнес өкілдерінің көмегін көріп отырған жоқпын. Өзім қалада жұмыс жасаған кезде осы бағытта үлкен жоспар, іс-шаралар кешенін құрып, жүзеге асыруды үлгере алмай кеткенмін. Үш жыл бойы Сәлімжан Жұмашұлы Нақпаевқа айтып келдім. Сізге де бастап тапсырдым, әлі жұмысты көріп тұрған жоқпын. Ол дегеніміз не? Бірінші кезекте: әрбір кәсіпорын өзінің территориясын таза ұстап, ағаш отырғызу, өз мекемесінің сыртқы сәулеттік келбетін әдемілеп, айналасын жарықтандыру керек. Бүгінгі күні оны ешкім қолына алғысы келмейді. Мысал келтіретін қалада компаниялар бар ғой. Біз артық ештеңе сұрап отырған жоқпыз, өз айналаңды тәртіпке келтіру керектігін айтып отырмыз. Осы жұмысты аяғына жеткізетін уақыт жетті, іс-шара қолданыңыз.

Бұл жағдай өзгеріссіз қала бермек емес. Бір тәртіпке келтіру керек.

Мысалы, қаладағы су желілерінің 90 пайызы ауыстырылды. Бірақ жер-жерде жарылып, су кету фактілері көп. Бұл жұмыстарға кезінде тиісті бақылаудың болмауынан сапасы ескерілмеген. Енді жылдың аяғына дейін осы бағыттағы жұмыстарды ретке келтіріп, сапасын сәйкестендіруді тапсырамын.

Сонымен қатар енді тәртіпке келтіретін – жылу жүйелері. Көше бойындағы «Теплосеттің» жылу құбырлары ескі, тозған. Жер-жерді бұрқырап шығып жатқан бу. Өткен жылы 500-ге жуық авария тіркелген.

Ал осы теплопункттен шыққан жылудың әр үйге барғанша жылыту деңгейі басқа. Одан басқа үйлердегі жылу мен оның бағасы тіптен өзге. Бұл – бөлек әңгіме. Мен тарифтерді көтеруге келісім бергенде, көрсетілетін қызмет те сол бағаға сәйкес болуын қатаң ескерткенмін. Баға өсті, ал жылу сол күйінде. Бұлай болмайды, шешу керек мәселені. Бұл – қала әкімшілігінің басты міндеті.

Облыс бойынша электр жүйесін толықтай жаңарттық. Ал қаланың электрмен қамту желілері 90 пайызы – «Атырау Жарықтікі». Қазір көшедегі бағандарды қараңыз, бірінің үстіне бірі жалғанған 4 қатарлы, баяғы кездегі ағаш бағандар. Сым темірлері салбырап, үзілейін деп әрең тұр.

Сондықтан осы компаниялармен бірлесіп жұмыс жасау қажет. Атырау-Жарық қаладағы бағаналарды, сымдарын қазіргі сәулеттік талапқа келтіру қажет. Теплосеть жер-жерде бұралып жатқан жылу тұрбаларын жердің астына орналастыру керек.

Келесі, тазалық мәселесі. Барын бар деп айту керек: қаланың басым бөлігі тазарды, бұрынғыдай бей – берекетсіз шашылған қоқыс жоқ. Бірақ әлі де кейбір үйлердің аулалары, қалтарыстары, сырт жақтағы көшелер, қала маңындағы ықшам аудандардың, қала сыртының, қаладан шыға беріс жолдардың тазалығы талапқа сай емес.

Ерік – Мостовой каналы қоқыс төгетін жерге айналған. Сіздердің шашқандарыңызды біздер бюджеттен қаржы шығарып тазалаймыз. Бұл дұрыс емес. Даладан ешкім қоқыс әкелмейді, төгетін – сол жердегі тұрғындар. Қашан мәдениетті боламыз? Осыны қарайтын қала әкімдігі, құқық қорғау органдары не бұқаралық ақпарат құралы қайда?

Қай участок таза емес, қоқысқа толы, соны күнде теледидар мен газетке шығарыңдар. Тазалықты бұзушы тұрғындарды атап-атап көрсетіңіздер. СЭС- неге барып айыппұл салмайды. Осыны қарап жатырған адам бар ма? Тазалық мәдениетіне, санитарлық гигиенаға үйретіп жатырған не бір ұйым, не бір БАҚ бар ма?

Одан басқа ірі сауда орындары бір тәртіпке келді. Дегенмен, сырты-бүтін, іші-түтін. Көз боямай, ішкі тазалықты тәртіпке келтіру қажет. Санитарлық талаптарға сай болуы тиіс.

2 жылдан бері айтып келемін, жалпы ірі сауда базарларын қаланың сыртына шығару керек. Уақыт беріңіздер, 1 жыл ма, жыл жарым ба, осы мерзімде көшіп болатын болсын. Біз жер бөліп, инфрақұрылымын салып беруге көмектесеміз.

Кеше автовокзал ашылды, бюджеттің қаржысына бүкіл территориясының бәрін асфальт төсеп, ағаш отырғызып, жарықтандырып, бәрін жасап бердік. Бірақ тәртіпке келмейді. Айналасы шашылған қоқыс, темір жол вокзалы өте лас. Қаланың қақпасы саналатын бұл нысандар ең бірінші кезекте тап-таза, әдемі, көз тартар көрікті ғимарат болуы керек. Осыны да қолға алыңыз.

Тағы бір өзекті мәселе – жертөлелердің жағдайы. Қазір қалада 150 подвалда су бар. Әділбек Исағалиұлы, Сіз жыл сайын 20-сы, 15-і, 10-ы қалды деп басқаша баяндайсыз. Әлде жағдайдан хабарсызсыз ба? Осыны қалай түсінуге болады?

Кезінде қалаға басшылық еткенімде қаржы тауып, 400-ге тарта подвалды құрғаттырдым. Тұрғындардың жеке меншігіне көшкен үйлерге бюджет қаржысын сала алмаймыз, бірақ бұдан шығатын жолды табуға болады. Оның да шешімін көрсеттім. Осы жертөлелерді тазарту туралы бірнеше рет тапсырма бергенмен, нәтиже жоқ. Бұл – сіздердің тараптарыңыздан құлшыныс жоқтығының белгісі. Шешілмейтін мәселе жоқ, оған тереңірек үңіліп, жұмыстану керек. Биыл бұл бағыттағы жұмыстарды бітіріңіз.

Осы жерде айта кету керек, КСК-лардың жұмысы мүлде байқалмайды. Қала әкімдігі мен КСК-ның байланысы, өзара бірлескен әрекеті туралы нақты іс-шаралар керек. Одан басқа да, сіздер бірігіп атқаратын жұмыс жетерлік. Аулалардың тазалығы, үйлерді күтіп ұстау, балалар алаңын жасақтау, жоқ дегенде сол аулаларда тұрған контейнерлерге де жауаптысыздар. Себебі, олар бюджет қаржысына сатып алынған мүліктер. Біріншіден, тұрғындар өз үйлерінің жағдайына жауапты, себебі, КСК-ны өздері сайлап, тарифін өздері бекітті. Алайда, олар КСК жұмысын бақыламайды. Сұрау жоқ, демек, КСК-ның жұмысы да жоқ. Жиналған ақша қайда, не мақсатқа кетіп жатыр, белгісіз. Қазірден бастап осыны қолға алыңыздар.

Қала бойынша тозығы жеткен, құлатуды керек ететін үйлер бар. Биыл осы мәселені шешеміз, нақты іс-шаралар қабылдаймыз. Осы үйлердің тұрғындарын көшіруге 600 пәтер керек екен. Оны да шешеміз.

Одан әрі абаттандыру туралы. Соңғы жылдары көшелер, аулалар жаңартылып, қаланың басым бөлігі жарықтандырылды. Бірталай реттеліп қалды. Жаңа даңғыл мен көшелер іске қосылды. Биыл қаланың барлық көшелерін әдемі тастармен жабамыз. Бұл – қаланың көркін арттыратын және өте тиімді, ұтымды, ауқымды жоба. Бізде су, канализация, жылу жүйелерін, тағы басқа желілер тарту үшін жол әбден жасалғаннан кейін бұзып жатады. Сондықтан тас төсеуде гильза тастап кету керек. Өздеріңіз көріп отырсыздар, қаланың асфальт төселген жолдарын кесіп-кесіп, астаң-кестеңін шығарды. Қазірден бастап ойлануы керек.

Осы жерде тоқтала кететін мәселе: біздің аулаларда спорттық шағын стадиондар мен балалар алаңы жоқтың қасы. Олардың орны паркингке айналған.

Осыны ескеріп, биылдан бастап спорттық және балалар алаңын салуды қолға аламыз. Таяу екі жылда қалада абаттандырылмаған, көріктендірілмеген бірде – бір аула қалмайды. Бұл да – үлкен жоба.

Жаңа айтқан паркинг мәселесі – қаладағы өзекті проблема. Үлкен ыждағатпен қарап, осы бағытта жол полициясымен бірге нақты нәтижеге бағытталған шаралар алынуы керек. Көше бойындағы кез келген жерге машина қоюға тыйым болсын.

Жарнама туралы. Бұл мәселе бізде әлі де ретке келмеген. Көшедегі жарнамалар эстетикалық талапқа сай емес. Терең мазмұны жоқ, әлем-жәлем суреттер ғана. Ал, шынында көрнекі ақпарат жас ұрпақты отаншылдыққа, патриотизмге, жақсылыққа дәріптейтін құралдың бірі. Бұл да назар аударатын тұс.

Келесі мәселе, көгалдандырудың біздің қала үшін мәні зор. Осы бағытта соңғы жылдары біраз шаруа атқарылып, қала жасыл желекке оранып келеді. Әлі де көп іс тындыруымыз керек. Мынаған назар аударамын: қазір жұмыстардың бәрі бюджет қаржысы есебінен жүргізілуде. Ал тұрғындар, мекемелер, бизнесмендер үлес қосып отырған жоқ деуге болады. Неге ортақ мүддеге салғырт қараймыз?

Сондықтан көктем шыға, әр мекеме, әр ұйым, әр бизнес объектісі, сауда орындары айналаларына ағаш отырғызуды қолға алуы керек. Қала әкімдігіне осыны жүзеге асыруды тапсырамын.

Қаланы көгалдандыру үшін 3-4 парк саламыз деген ойымызда бар. Қала әкімі, осы бағытта ұсыныстарыңызды әзірлеңіз.

Алдымызда экология мәселесі тұр. АНПЗ ауқымды жобаны іске асырып, қала түбінен Болашақ зауыты салынуда. Қоршаған ортаны қорғау – үлкен маңызды мәселе, осы проблемадан тыс қалмаңыз, бұл бағыттағы шараларды бірлесіп атқаратын боламыз.

Қаланың сәулеттік келбеті, құрылыс мәселелері.

Жаңа құрылыстар, пристройкалар қала сәулетіне сәйкес келмейді. Бұл туралы кезінде айтқанмын, қаланың көшелеріндегі бірінші қатардағы жапсырма құрылыстар сәулеттік талапқа сай келмей жатады, сондықтан оны өзім тікелей қадағалап отырғанмын. Соған қарамастан, келісілмеген құрылыстар салынған. Ал, оған рұқсат беріп отырған – Сіздер. Өздерің туған жерге қалай жандарың ашымайды. Айтқыза бермей, тәртіпке келтіріңдер. Болмаса, шешім қабылдаймын.

Енді әрбір салынатын құрылыстың келбеті менімен келісілетін болсын.

Бірінші кезекте, құрылыстың саны мен іске асыру мерзіміне ғана емес, сапасына баса назар аудару керек. Бұл бағытта айтылар нәрсе көп, бәрін жіпке тізіп жатпайын, Сіздердің тараптарыңыздан тиісті бақылаудың жоқ екені көрініп тұр. Осы мәселені қолға алып, бақылау жасаңыз.

Сонымен қатар, жер кезегінде тұрғандар көбейіп барады. Әділбек Исағалиұлы, жылына қанша жер беріп жатырсыз?

Жарығы, суы, газы берілмей жер учаскесін бермеңіз. Кезеңін көрсетіп, құрылысы салынбаған жер учаскелерін қайтарып алу жөніндегі тапсырмам бойынша жұмыстар жүргізілді. Бірақ әлі толық инвентаризация болған жоқ. Оған қоса жер учаскелерінің мақсатты пайдаланылуына талдау жасап, 100 гектар жерді инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді осы жылы іске асырыңыз.

Тағы бір айта кететін жайт: Соңғы жылда қанша пәтер беріп отырғанымды көріп отырсыздар. Тек мұғалімдер мен дәрігерлерге 500-дей пәтер берілді. Енді пайдалануға берілген үйлерді жекешелендіруге 7 жылдан кейін ғана беру жөнінде мәслихаттың шешімін қабылдау жөніндегі тапсырма әлі күнге орындалған жоқ. Сондықтан әр маман көрсетілген мерзімде жұмыс жасап, саланы көтеруге үлес қосқаннан кейін ғана жеке меншікке берілуі тиіс.

Қаладағы өткір проблеманың бірі – балабақша.

Бұл менің тікелей қадағалауымда. Облыста кезекте 14 мың деп мәлімет бергенмен, шын мәнінде нақты іс жүзінде 11 мың бала бар. Былтырдың өзінде 6-ы пайдалануға беріліп, биыл жапсырмамен қоса 30 балабақша салынады. Осы мәселені екі жылда толықтай шешемін.

Маңызды да күрделі мәселенің бірі – инфляция.

Бағаны тұрақтандыру бойынша шаралар орындалуда. Кәсіпкерлермен Меморандумдарға қол қойылып, ол да өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бағаны күнделікті бақылауда ұстап, қойылған жұмысты жалғастырыңдар. Себебі аудандардың бәрі күнделікті азық-түлікті осы жердегі қоймалардан алады. Ең басты күрделі мәселенің бірі осы.

Жұмыспен қамту да Елбасының басым назарда ұстап отырған тапсырмасы. Өткен жылы өз мүмкіндігімізді пайдаланып 26 мың жұмыс орнын аштық.

Биыл бұл қиындау болуы мүмкін. «Болашақ» жобасы аяқталып келеді. Осы жерден босайтын азаматтарға жаңа жұмыс орындарын іздеуге бүгіннен бастап кірісу керек. Бұл – қала әкімінің басты міндеті.

Одан басқа жаңа өндірістер, жұмыс орындарын ашудың барлық шараларын алу, шағын және орта бизнес құрылымдарына жан-жақты қолдау көрсетуді қамтамасыз етіңіздер.

Осы айтылғандармен қатар өткен жылы қаланың әлеуметтік -экономикалық дамуында кейбір кемшіліктер де орын алды:

– ауыр қылмыс саны, мал ұрлығы, мектеп оқушыcы арасындағы қылмыс көбейген;

– ана мен сәби өлімі өсіп отыр (172, облыс бойынша – 57) және (23,5, облыс бойынша 18,7);

– туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші (154,7, облыс бойынша – 123,6) және туберкулезден өлім көрсеткіші өскен (16,9, облыс бойынша 11,4).

Осының бәрі қала әкімдігі атқаратын жұмыстар. Өздеріңіз білесіздер, қала әкімінің жұмысқа кіріскеніне екі ай ғана уақыт болды. Баға беруге әлі ерте.

Мереке Отарұлы, менің берген тапсырмаларымның барлығы да орындауға болатын жұмыстар. Мүмкіндік жеткілікті. Енді іске кірісіңіз.

Құрметті қала тұрғындары!

Бүгінде атқарылып жатқан, жобаланған шаралардың мақсаты: Қазақстанның батыс қақпасы – Атырауды көрікті, қауіпсіз, тыныш, адамдардың қолайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған қалаға айналдыру. Халықтың тілегі де, уақыттың талабы да осы.

Атқарғанымыз көп, жоспарымыз да мол. Осы бағытта бірлесіп еңбек етейік.

Жиналысқа қатысушылар облыс әкімінің әр сөзін ұйып тыңдап, көтеріңкі көрсеткіштермен қатар, кемшілік тұстарын айқындап, шындықты тура айтқан тұстарында қоштап қол шапалақтап та отырды. Бұл облыс басшысы мен қала, жалпы өлке тұрғындарының арасындағы ажырамас байланысты, ынтымақты, өзара сенімді білдірсе керек-ті.

Қ.МҰҚАШЕВ.

Айдар: Елге қызмет- абыройлы міндет · Мақала белгілері: , , , , , Жазуды түзету

Пікірлер

Дулат былай депті:

Жаңа қала әкімі қаншалықты жұмыс жасай алатынын білмедім. Алайда, облыс әкімі Бергейдің қаламызға деген ерекше ықыласына мен ырзамын. Еңбегіңіз жемісті болсын! Сіздің тынымсыз еңбегіңіз бен Сіз жинаған команданың жұмысы облыс тарихында болмаған ерекше тәртіп пен нітиже алып келді, Атырау халқы Сізді үнемі қолдайды

KazakhNews
6 февраля 2010, 4:18
2680

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8886
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3191
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3329
  • 37
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3331
  • 56
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 3051
  • 31
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2919
  • 10
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2492
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2223
  • 18