KAZENERGY SOCIAL ROOM алаңы – уақыт талабы

Талгат К 2012 M10 8
1987
6
8
0

Қазанның 2 күні VII KAZENERGY Еуразиялық Форумы барысында Форумға қатысушы 8 компания, бұрын-соңғы болмаған ерекше KAZENERGY SOCIAL ROOM алаңында, Қазақстан Республикасында іске асқан және келешекте...

Қазанның 2 күні VII KAZENERGY Еуразиялық Форумы барысында Форумға қатысушы 8 компания, бұрын-соңғы болмаған ерекше KAZENERGY SOCIAL ROOM алаңында, Қазақстан Республикасында іске асқан және келешекте іске асатын өздерінің әлеуметтік жобаларын таныстырды.

Әлеуметтік жауапкершілікті тікелей міндеттерінің бірі деп санайтын«Теңізшевройл» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» МК АҚ«Лукойл Оверсиз Сервис Б.В.», «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.», «Би Джи Қазақстан», «Павлодар мұнайхимия зауыты» АҚ, «ҚазАтомПром» ҰАК АҚ және «Тоталь Э & П Қазақстан» компаниялары.

Сонымен, елімізде алғаш рет ұйымдастырылған KAZENERGY SOCIAL ROOM алаңында әлеуметтік жобасын бірінші болып «ҚазМұнайГаз» МК АҚ екі әлеуметтік жобасының тұсауын кесті.

Біріншісі Бокстан ҚР ұлттық құрамасына жағдай жасау, Алматы қаласында бокс Академиясын (AIBA) құру туралы жобасы болса

екіншісі –Астана қаласында Қазақстан Республикасы тарихы Мұражайының құрылысы жобасы.

Айта кетейік, мұражай құрылысын жуық мөлшермен 2013 жылдың аяғында аяқтау жоспарланған. «ҚазМұнайГаз» МК АҚ әлеуметтік қолдау департаментінің директоры Әлібай Кусаиновтың айтуынша компания балалар үйі мен интернаттарға, мүгедектер мен зейнеткерлерге, сонымен қатар тұрмысы төмен жандарға көмек көрсете отырып, ғылым, мәдениет, өнер, спорт салалары мен мемлекеттік тілді дамытуға да әр қашан қолдау көрсетеді.

«Теңізшевройл» компаниясы «Игілік» ерікті бағдарламасын

Орталық Азияның Еуразия Қорымен ынтымақтастық, Қазақстанның жанұялық дәрігерлер Қауымдастығы, IREX « Ақпараттық технология ғасыр ұрпақтары», Британдық Кеңес, CDC Development Solutions корпоративті волонтерлер бағдарламасын, жазғы физико-математикалық мектеп, «Қазақстанның тәуелсіз ұрпақтары» бағдарламасын және «З. Қабдолов атындағы Қорды қолдау» сынды әлеуметтік жобаларын тілге тиек етті.

Айта кетерлігі, 19 жыл ішінде «Теңізшевройл» компаниясы «Бонус Атырау Қоры» және «Игілік» әлеуметтік бағдарламалары арқылы 185 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің Үкімет және қоғаммен байланыс бойынша бас менеджері Рзабек Артығалиев: « Жалпы, Теңізшевройл компаниясының әлеуметтік жобаларға $700 млн. астам, ал қайырымдылық шаралары үшін жылына $ 2 млн. жуық қаражат жұмсалған. Дәл қазір біз қазақ тілін дамытуға бағытталған инновациялық жобаларды қабылдаудамыз »,-деді өз сөзінде.

Шарада «Лукойл Оверсиз Сервис Б.В.» компаниясы әлеуметтік жауапкершілігін жоғары санайтындығын көрсетті. «ЛУКОЙЛ» компаниясы Қазақстанда 1995 жылдан бері жұмыс істеуде. Бүгін, шара барысында компания өкілі өңірлердегі шағын бизнесті қолдау, мәдениет пен спортты, ұлттық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Арай» жобасын таныстырды.

«Арай» жобасы елімізде 6 жыл бойы іске асырылып келе жатыр. KAZENERGY SOCIAL ROOM алаңында компанияның қоғаммен байланыс және жалпы сұрақтар бойынша директор орынбасары Владислав Михайлов: «Алдына мақсат қойып өз бизнесін бастаймын деген 18 жасқа толған ҚР азаматтары өтеусіз гранттар ала алады. Гранд бергенде басымдылық көп балалы жанұялардың мүшелеріне, мүгедектерге, оралмандарға және тұрмысы төмен жандарға беріледі»,- деді.

Осы «Арай» жобасының арқасында қайтарымсыз грант алып, өз ісін дөңгелетіп әкеткен

Наташа Қарабатырова мен

Асель Хайрула сахнаға шығып компания басшыларына алғыстарын білдірді.

Асель Хайрула тіккен көйлектер

2008 жылы Шелл, ЭкксонМобил, Тоталь, Эни, КонокоФилипс, Инпэкс, ҚазМұнайГаз серіктес-компанияр қол қойған өнімді бөлісу туралы Солтүстік-Каспий келісім-жобасының операторы болып «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» бекітілді.

Компанияның «Маңғыстау және Атырау облыстарының тұрғындарына қажетті Солтүстік- Каспий Жобасы әлеуметтік бағдарламасының тиімділігін арттыру» атты жобасы іске асуда.

«NCOC» компаниясының тұрақты дамуы бойынша аға кеңесші Ерлік Қаражанның сөзінше, қайырымдылық және демеушілік жұмыстарына компания жыл сайын 1,5 млн АҚШ долларын жұмсайды екен.

Әлеуметтік жобасының тұсауын кескен тағы бір компания, ол «Би Джи Қазақстан». Қазақстанда компания 1992 жылдан бастап жұмыс істеуде. «Би Джи Қазақстан» компаниясы екі әлеуметтік жобасын таныстырды.

Біріншісі - қайырымдылық, спорттық және демалыс, салауатты өмір салтын насихаттау бағыттарын қамтитын « BG Energy Challenge – Kazakhstan» жобасы болса,

екіншісі - «Тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсетіп жатқан Батыс Қазақстан облысының коммерциялық емес ұйымдарын қолдау мен дамыту» жобасы.

KAZENERGY SOCIAL ROOM алаңында Қазақстан Республикасындағы технология бойынша ең заманауи кәсіпорын «Павлодар мұнайхимия зауыты» АҚ өз қызметкерлеріне ұсынатын әлеуметтік жобасын таныстырды. Зауыт мұнайды отын түрі ретінде өңдейді және өңдеу тереңдігін 80-85% дейін қамтамасыз етеді. «Павлодар мұнайхимия зауыты» АҚ-ның жоспарлы экономикалық бөлімнің бастығы Юлия Баланда, «Персоналға ұсынылатын әлеуметтік кепілдіктер пакеті» жобасының таныстырылымын өткізді.

Оның айтуынша, компания белсенді әлеуметтік саясатты, яғни әлеуметтік жобаларды өз көрсеткіштерін жоғарлату үшін емес, шын мәнінде қызметкерлермен олардың жанұя мүшелерінің, әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жүзеге асыруда.

«ҚазАтомПром» компаниясы да шарадан шет қалмай, өздерінің кең әлеуметтік жобасын ұсынды.

«ҚазАтомПром - Демеу» ЖШС бас директорының орынбасары, Дәулетбай Исмағұлов бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, кен орындарын пайдаланатын аймақтардағы тұрғындар мен Холдинг жұмысшыларына әлеуметтік салада барлық жағдай жасау мақсатындағы «ҚазАтомПром - Демеу» әлеуметтік жобасын таныстырды.

Ірі әрі маңызды KAZENERGY SOCIAL ROOM алаңын «Тоталь Э & П Қазақстан» филиалы «Дәнекерлеу бойынша қазақстандық жобасы» атты әлеуметтік жобасымен қорытындылады.

Үкімет және қоғаммен байланыс департаментінің директоры Данияр Сәлімбаев пен «KazWeld» қазақстандық қауымдастығының атқарушы директоры Нұрлан Исмұрзинов шара барысында қазақстандық мамандарды халықаралық стандартқа сай оқыту, дәнекерлеу индустриясында қазақстандық үлесті арттыру мақсатында жүзеге асып жатқан «Дәнекерлеу бойынша қазақстандық жобасы» атты әлеуметтік жобасын таныстырды.

Сөйтіп, тұрғындар үшін пайдалы бастамалардың ерте кеші болмайды. KAZENERGY SOCIAL ROOM алаңы сынды шаралар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, ал әлеуметтік жауапкершілік бағытын ұстанған компаниялар қатары арта берсін дегіміз келеді.

Құрметпен,

KAZENERGY SOCIAL ROOM ұйымдастырушысы

«SUCCESS K» Медиа Агенттігі

Бізді твиттерде оқыныз - @SUCCESS_PR

 

Оцените пост

8

Комментарии

0
Отличный пост!
0
рахмет! Қазір сіздікін оқып жатырмын
0
уууф, прочитала, поняла! .
О многих проектах я даже не знала: к примеру, прокет "Арай", который действует в течении 6 лет. Сомнительно, что он на самом деле социальный.

А о музее истории Казахстана было интересно почитать. КМГ как бы молодцы)) Хороший проект, я считаю.
0
На самом деле, проект "Арай" очень даже социальный и хороший проект. Вот здесь можно прочитать более подробно об этом yvision.kz Приятного просмотра и чтения, Магги! ;)
0
Такенти қазақша тәп-тәуір жазады екенсің! Осылай жазбайсың ба баяғыдан бері. Пост керемет. Тек сол әлеуметтік шараларға бөлінген қаражаттар тиісті орнына толық жетіп, ел игілігіне іске асса болғаны.
Показать комментарии