29. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(1947 жылы Бөкей ордасы ауд., Торғай ауылында туған). Мәскеудің К.А.Тимирязев атындағы ауылшаруашылығы академиясын, Алматы жоғары партия мектебін, Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Еңбек жолын 1972 жылы Қарағанды облысы Шет ауданының “Ақшоқы” кеңшарында бас зоотехник болып бастаған. М. Мәметова совхозында зоотехник, Мұратсай совхозында бас зоотехник, облыстық халықтық бақылау комитетінде инструктор, Жымпиты ауданында партия комитетінде хатшы, Бөкей ордасы аудандық советінің төрағасы, аудан әкімі, БҚО РГП «қозғалмайтын мүлік орталығының» директоры, «БҚО автобус паркі «ЖШС» директоры болып қызмет атқарды. Еркін күрестен жастар арасындағы Қаз. чемпионы, спорт шебері. «Үздік еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасына 10 жыл». «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. Өзінің біліктілігі, ұйымдастырушылық қабілеті арқасында аудан экономикасын арттыру мен жас кадрларды даярлауда үлкен істер атқарды.
Н.Бірмановқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2-14 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
