28. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(15.01.1930 ж.т., Бөкей ордасы ауд., Бисен а., Ақсор елді мекені) – жергілікті басшы. 1950 ж. Оралдың ауыл шаруашылық техникумын бітірген. Еңбек жолын осы аудандағы №88 түйе зауытында зоотехник болып бастаған. 1950-1953 ж. Кеңес Армиясы қатарында болған. Кейін Саратовтағы мемлекеттік зоотехникалық-мал дәрігерлік институтының зоотехника факультетін тәмамдап, жиырма жылдай Жәнібек ауданының шаруашылықтарында, аудандық ауылшаруашылығы басқармасында бас маман болып жұмыс жасаған. 1972-1982 ж. Орда аудандық партия комитетінің хатшысы, ауатком төрағасы, соңғы жылдары облыстық тұтынушылар қоғамы төрағасының орынбасары болып қызмет істеді. “Құрмет Белгісі” орденімен, бірнеше медальмен марапатталған.
Ж.Бекеновке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2-14 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
