Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

27. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

(1951 ж.т., Жаңақала ауд, Жанақазан а.) – 1968 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтына оқуға түсіп, оны 1973 жылы ғалым-зоотехник мамандығы бойынша бітіріп шығады. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының зоотехникалық факультетін (1973) ғалым-зоотехник мамандығы бойынша; Алматы жоғары партия мектебінің саясаттану факультетін (1988) саясаттанушы мамандығы бойынша; Маркетинг және басқару мәселелері жөніндегі менеджерлер мектебін (Варна қ., Болгария, 1990) бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2005 жылдан). 1973 жылдың тамызынан - Орал облысы Фурманов ауданы «Талдықұдық» кеңшарының зоотехнигі. 1973 жылдың қарашасынан - Орал облысы Фурманов ауданы «Қызыл партизан» кеңшарының бас зоотехнигі. 1977 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Фурманов аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1981 жылдан - Қазақстан Компартиясы Орал облыстық комитетінің ауылшаруашылық бөлімінің нүсқаушысы, бірінші хатшысының көмекшісі. 1983 жылдан - Қазақстан Компартиясы Орал облысы Орда аудандық комитетінің хатшысы. 1985 жылдан - Орал облысы Орда халық депутаттары аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1991 жылдың сәуірінен - Орал облысы Орда халық дөпутаттары аудандық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары. 1991 жылдың қазанынан - Орал облысы Фурманов халық депутаттары аудандық кеңесінің төрағасы. 1992 жылдан - Орал облысы Фурманов аудандық әкімшілігінің басшысы. 1996 жылдан - БҚО Жалпақтал ауданының әкімі. 1997 жылдан - «Қазақавтожол» РКҚК Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары. 2000 жылдан - БҚО облысы бойынша ҚР Мемстандарты Мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы. 2003 жылдың қаңтарынан - БҚО бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаментінің директоры.

2003 - 2014 жж. - Батыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының басшысының қызметін атқарды.

2014 жылдың 1 тамызынан бастап Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану мұражайының директоры.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмөт грамотасымен (1981) марапатталған.

А.Батырхановқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2-14 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
359

Еще по теме

27. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz