27.02.2015
Ағымдағы жылдың 27 ақпанында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің М.Үркімбаев атындағы «Жастар» сарайында «Заманауи қоғамдағы жастардың тәлім – тәрбиесінің бүгіні мен ертеңі»тақырыбындағы облыстық семинар 4 секциялық бағыт бойынша өтті. Облыстық семинардың пленарлық жұмысында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев және департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Нұржан Молдиарұлы Нұржігітов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттарын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылады.
