26. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(1928-2016ж.ж) Орда ауданы, Қасымтау ауыл кеңесінде дүниеге келген. Облыстық дәрежедегі дербес пенсионер. Білімі жоғары. 1961 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1942-1944 жылдар аралығында Чапаев атты колхозда есепші бригадир. 1944-1953 жылдар аралығында финанс қызметкері (аға бухгалтер, сақтық касса меңгерушісі) 1953 жылдың наурызынан 1957 жылы қыркүйекке дейін Жәнібек аудандық партия комитетінің нұсқаушысы. 1957-1961 жылдары партия мектебі тыңдаушысы. 1961 жылы VІІ- 1962 жылы ІІІ-аудандық партия комитеттерінде лектор. 1962-1963 жылдары қыркүйек айына дейін Жәнібек ауданы, Калинин атындағы совхоздың партия комитетінің хатшысы. 1963-1965 жылдары аралығында Жәнібек аудандық ауылшаруашылығы басқармасында жауапты ұйымдастырушы. 1965-1972 жылдары М.Мәметова атындағы совхозда кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1972-1982 жылдар аралығында Орда аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы. 1982-1990 жылдары Шоңай ауылдық кеңесінің төрағасы. 1990-1992 жылдары парткабинет меңгерушісі 1992-1994 жылдары М.Мәметова атындағы ұжымдық шаруашылықта заңгерлік қызметін атқарған. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы еңбектегі ерлігі үшін “Тың өңірі игерудің” бес, он, жиырма бес, елу жылдығы құрметіндегі, “Отан Соғысы Жеңісінің” 20,40,60 жылдығы мерекелік медальдарымен наградталған.
Н.Ахметовқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2-14 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
