Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

25. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

(1930ж, Орда ауданы, К.Маркс ұ/ш -2015 ж Бөкей ордасы ауданы) Еңбекке ерте араласқан. 1942 ж. колхоз жұмысын істеді. 1946 ж. Жетібайдағы жетіжылдық мектепті бітіріп сиыр фермасында есепші. 1950-1953 жж. Куриль аралында әскер қатарында. 1959 ж.д. “Большевик” ұ/ш, 1959-1963 жж. “Бисен” к/ш аға малшы, мал шаруашылығы бригадирі болды. 1964-1988 жж. № 4 ферма меңгерушісі. 1988-1993 жж. зейнеткерлікке шыққанша совхоз директорының орынбасары қызметін атқарды. Еңбектегі табыстары үшін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің мақтау грамотасымен, В.И.Лениннің 100 жылдық мерекелік медалімен, тыл және еңбек ардагері медальдарымен, облыс, аудан, совхоз басшыларының мақтау грамоталарымен марапатталды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін 15 жылға жуық ауылдың ардагерлер ұйымын басқарды.

Х.Айтасовқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2-14 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
191

Еще по теме

25. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz