24. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(1949 ж. Сайқын ауылында дүниеге келген.) 1966 ж. М.Мәметова атындағы орта мектебін, 1970 ж. Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған. 1970-1972 ж. Б.Жәнекешев атындағы орта мектебінде мұғалім, 1972-1983 ж. Қазақстан ЛКСМ Орда аудандық комитетінде хатшы, Сайқын селолық кеңесі атқару комитетінің төрайымы, 1983-1986 ж.Орда совхозы партия-саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, 1986-1994 ж. Сайқын селолық кеңесінің төрайымы қызметтерін атқарған. 1994-2012 ж Бөкей Орда аудандық мәслихатының хатшысы. 2003 - 2007 жж Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Кеңесінің мүшесі, 2011 ж Қазақстан әйелдерінің I - съезінің делегаты. Қазақстан КП ОК громатысымен, Қазақстан Конституциясына 10-жыл, Қазақстан Парламентіне 10-жыл, мерекелік медалімен марапатталған.
Г.Бисекеноваға Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 23 қаңтардағы №1-4 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
