• 1092206
  • 6012
  • 556
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Мұнай соғыстары. 1 бөлім

Мұнай - бұл соғыстың қаны.
Адольф Гитлер
Мұнай мен саясат – үйлеспейтін ұғымдар, ал мұнайдың баррелі кока-кола бөтелкесімен бірдей.
Генри Киссинджер

Уинстон Черчилльдің  көзқарастары бір түннің ішінде өзгерді десе болады. 1911 жылдың жазына дейін сол кездегі ішкі істер министрі «экономистер» басшыларының бірі болатын. Әскери саладағы бәсекелестік екі мемлекет арасында туындаған антагонизмді одан әрі ушықтырды. Бірақ Черчилль Германиямен соғыс болмай қоймайды деген пікірлерге сенбеді. Ол қаражат әскери кемелерге емес, ішкі әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінгенін қалады.

Бірақ 1911 жылдың 1 шілдесінде кайзер Вильгельм Марокконың атлант жағалауындағы Агадир портына «Пантера» әскери кемесін жіберді. Осы рейдтің мақсаты француздардың Африкаға басып кіруі жайлы ақпарат жинап, Германияға қолайлы тетік табу болды. «Пантера» тек канонерлік қеме болып, Агадир – онша маңызы жоқ порт болғанымен, әскери кеменің келуі үлкен халықаралық дағдарыс тудырды. Неміс әскери қуатының өсуі оның Еуропадағы көршілерінің уайымын тудырта бастады; Германия Франция мен Британияның әлемдік билігіне тосқауыл етпекші болғандай көрінді. Бірнеше апта бойы Еуропаға үлкен соғыстың басталу қаупі төніп тұрды. Алайда шілденің соңына қарай шиеленіс басылды. Бірақ дағдарыс Черчилльдің болашаққа деген көзқарасын өзгертті. Германияның мақсаттарына қатысты бұрынғы көзқарастарын қайта қарап, енді оның үстемдікке талпынып, осы мақсатына жетуі үшін күш қолдануға дейін баратынына көзі жетті.

Агадирдегі оқиғадан кейін адмиралтейлікті басқара салысымен, Черчилль Ұлыбритания қарулы күштерін келешек қақтығысқа әзірлеуге барлық күшін жұмсайтынын айтты. Ол Британ империясының даңқы мен мақтанышы – британ флотының Германиямен теңіз кеңістігінде кездесуге дайын екеніне жауап берді. Осы кезде оның алдында тұрған аса маңызды әрі даулы мәселелердің бірі британ флотының көмірден мұнайға көшуі болды. Мәселе техникалық сипатта болып көрінгенімен, шын мәнінде ол бүкіл жиырмасыншы ғасыр үшін өте маңызды болды. Көпшілік осындай көшуді рационалсыз деп тапты, себебі сенімді уэльс көмірінің орнына Персия (сол кездегі Иран) мұнайының осал жетіліміне тәуелді болуға тура келетін. «Флотты толығымен мұнайға көшіру үшін бей-берекетсіздіктерге қарсы толығымен дайын болу керек», - деді Черчилль. Бірақ кемелердің жылдамдығының өсуі және адам ресурсын пайдаланудың тиімділігі сияқты жаңа отынның стратегиялық басымдықтары оған анық болғаны соншалық, ол өзінің қарсыластарын көндіре білді. Ұлыбритания «мұнайды теңіздегі үстемдігінің негізі» ретінде қабылдауы керек болды, ол осы мақсатты іске асыруға барлық күш-жігерін жұмсады.

Альтернатива болмағасын, Черчилль «Үстемдік – осы шараның бағасы», - деді.

Осылайша Бірінші Дүниежүзілік соғыс қарсаңында Черчилль көп ұзамай әлемді жандырған өрт қана емес, сонымен қатар келер жылдардың сипатын айқындайтын белгілі максимасын айтты. Себебі осыдан былай бүкіл жиырмасыншы ғасыр бойы мұнай деген сөз үстемдік дегенді білдіре бастады. Халықаралық қатынастарда осы тұжырым әлі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Енді соғыс бұдан былай тек қана геосаяси сипатта жүрмейтін болды. Чако соғысынан бастап XX ғасырдың екінші жартысы барысында «мұнай үшін соғыстар» жиі орын алып отырды. Анголадағы, Венесуэладағы соғыстарды, Иран-Ирак соғысын «мұнай үшін» болған соғыстар қатарына жатқызуға болады. Кувейтті Ирактың оккупациялауы Ирак пен АҚШ арасындағы соғысымен аяқталды. Бұл соғыс ұлы держава қатысқан тұңғыш «мұнай» соғысы болды.

Корея, Вьетнам, Ауғанстандағы соғыстардың астарында мұнай мәселесі болмады. Ұлы державалар соғысты жергілікті лидерлер мен тайпалардың қолымен жүргізді.

Бірақ XX ғасырдың 70-жылдары мұнай экспорттаушы мемлекеттер басшылары қолдарында аса құнды ресурстың бар екенін түсіне бастады. Нәтижесінде 70-жылдардың ортасында мұнай бағасы көкке самғап, энергетикалық дағдарысты тудырды. Үшінші қатардағы мемлекеттерді эксплуатациялау бұдан былай тек күш арқылы жүретіні анық көріне бастады.

1900 жылы мұнай үлесіне әлемдік энергия тұтынудың 3%-і ғана келетін. 1914 жылға қарай ол 5%-ке дейін өсті, 1939 жылы – 17,5%-ке дейін көтеріліп, 1972 жылы – 41,5%-ке, 2000 жылы шамамен 65%-ке жетті. Әлемдік экономикада мұнайдың маңызы артқан сайын «қара алтынға» назары ауған мемлекеттер арасында конфликт сандары да арта түсті. «Resource Wars» еңбегінің авторы Майкл Клэр өз еңбегінде «әлем минералды шикізат үшін соғыстар дәуіріне қадам басты» деп пайымдайды.

ХХ ғасырдың басым бөлігінде АҚШ-тың мұнай өнеркәсібі өндірісті қадағалау мен баға саясаты арқылы қатаң реттеліп отырды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі мерзімде шикі мұнайдың орташа бағасы 2004 жылғы инфляцияны ескергенде баррель үшін 20,94 долларды құрады. Баға қадағалауы болмаған жағдайда АҚШ-тағы мұнай бағасы әлемдік мұнай нарығының бағасын бір баррель үшін шамамен 22,86 долларға дейін көтеруі мүмкін еді. Соғыстан кейінгі осы кезеңде де нарық ішіндегі мұнайдың бағасы мен әлемдік бағасының сомалық көрсеткіші 2004 жылғы инфляцияны есептегенде 17 долларды құрады. Яғни бұл 1947 жыл мен 2004 жыл аралығында мұнай бағасы баррель үшін 17,18 доллардан жоғары болғанын білдіреді.

2000 жылдың 28-наурызына дейін ОПЕК-тің мұнай кәрзеңкесінің бағасы 22-28 долларды құрады, мұнай бағасы тек бір рет қана Таяу Шығыстағы қимылдар кезінде 23 доллардан асқан.

Шикі мұнайдың бағасы 1948 жылдан 1960 жылдардың соңына дейін 2,5 пен 3 доллардың аралығында болды. 2004 жылғы инфляцияны ескерсек, сол кездегі мұнай бағасы 15 пен 17 доллардың аралығында жатқаны шығады. Мұнай бағасы 20%-ке инфляцияның салдарынан көтерілгені анық.

1958 бен 1970 жылдар аралығында баға тұрақты болып, баррель үшін шамамен 3 долларды құрады. Алайда мұнайдың қазіргі кездегі бағасына шақ аударсақ, онда шикі мұнайдың бағасы 16 доллардан 13 долларға түскен. 1971-72 жылдары доллар курсы төмендегенде бағалардың құлауы көптеген әлемдік мұнай өндірушілері үшін түйінді мәселеге айнала бастады.

1972 жылы шикі мұнайдың бағасы 3 доллардай болды, ал 1974 жылдың соңына қарай 4 еседен астам өсіп, 12 доллардан асып кетті. 1973 жылдың 5-қазанында Сирия мен Египет Израильге шабуыл жасағаннан кейін Йом-Киппур соғысы басталды. АҚШ пен көптеген батыс елдері Израильге айтарлықтай қолдау көрсетті, осының салдарынан бірнеше мұнай экспорттайтын араб мемлекеттері Израильді қолдаған мемлекеттерге эмбарго жариялады. Бұл мемлекеттер мұнай өндіруді тәулігіне 5 млн. баррельге дейін азайтты, басқа елдердегі өндірісті ұлғайту арқасында 1 миллиондай баррель толықтырылды. Тәулігіне 4 баррель шығын 1974 жылдың наурызына дейін жалғасып, «еркін әлем» мемлекеттерінің өндірісінің 7%-н құрады. Алты ай ішінде мұнай бағасы 400 есеге өсті.

1974 жылдан 1978 жыл аралығында мұнайдың әлемдік бағасы тұрақты болып, 12,21 доллардан 13,55 доллар аясында өзгеріп отырды.

(жалғасы болады)

Ескертпе: материалды көшіріп алып, басқа жерлерде басуға рұқсат берілмейді!
Бахытжан Бухарбаев Barkorn
Патриот своей страны, политолог, коллекционер казахских монет с браком
18 февраля 2012, 22:13
5740

Loading...

Комментарии

Қай жерде әйел бар, сол жерде проблема десе, қай жерде мұнай бар, сол жерде соғыс деңізщищ))
Сонда мына жазбанын тобыктай туiнi неде? Кезекти маргиналды теорияга тартып тур.
Себеби батыста не коп - ар турли былжырама такырыпка жазба коп. Тек жалгыз биреуин атап оту - дурыс емес.
Мунай - казирги алем саясатына арине катты асер етуде. Бирак оны согыстар мен канды кактыгыстардын бирден бир себеи деп атау - кате.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 33403
  • 194
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15446
  • 3
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 16855
  • 372
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 12280
  • 3
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 12037
  • 59
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 8432
  • 57
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 7755
  • 87
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
21 нояб. 2017 / 18:36
«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

Жизнь в Алматы не всегда сладкая, как сахарная вата и мультики субботним утром. В этой ироничной статье автор блога «Almaty — My First Love» расскажет о семи причинах не любить Алматы.
AlmatyMyLove
20 нояб. 2017 / 13:12
  • 2644
  • 70