21. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(01.07.1958 ж.т., Бөкей Орда ауд., Орда а.) – ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. 1980 ж. Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1980-1982 ж. Камен (Қазіргі Тасқала) аудандық “Екпін” газетінде, 1982-1991 ж. облыстық “Орал өңірі” газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1991-2003 ж. бас редактордың орынбасары, 2003-2004 ж. облыстық салалық газеттердің бас редакторы, 2004-2006 ж. облыстық “Орал өңірі” газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Қазір “Жайық Пресc” медиа холдингі Бас директордың I орынбасары. 2000 жылдан “ҚазАқпарат” ұлттық агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы тілшісі.
Өлеңдері баспасөз беттерінде 1978 жылдан бері жарияланып келеді. Бір топ жырлары “Қарлығаш” ұжымдық жинағына (1987) енген. “Маңдай” (1990), “Аман бол, атамекенім” (1996), “Нарынның нар ұлдары” (1998), “Ай-арудың алқасы” (2001), “Тек пен тамыр” (2005) жыр кітаптары жарық көрді. 1987 жылдың қорытындысы бойынша републикалық “Жалын” журналы тағайындаған Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың, жас қаламгерлерге арналған Бисен Жәнекешев атындағы облыстық байқаудың лауреаты. Қадыр Мырза Әлінің 60 жылдығына орай өткізілген жыр мүшәйрасының (1995) бас жүлдегері. Қазақ радиосы ұйымдастырған “Қазақстаным – қара шаңырағым” республикалық байқауының (2000) екінші жүлдегері атанды.
Ғ.Сейтаққа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 қарашадағы №10-4 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
