Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Біз 2025 жылы аудан тұрғындарын табиғи газбен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз. Бүгінде біршама қиындықтар туындап отырғаны баршаға мәлім «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз» деп «Nur Otan» партиясы өзіне ұран етіп алды. Бұл дегеніміз біріксек барша қиындықты еңсереріміз хақ.

Кезекті үгіт-насихат жұмыстарымен Дарбаза ауылдық округі Дарбаза ауылының тұрғыны Даржанова Бибіфатима анамыз бен Үсенбаев Аппаз ағалардың үйінде болған облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Б.Садықов және М.Иманбек елді бірлікке шақыратын шағырақ иесіне партияның сайлауалды бағдарламасын баяндап берді.

Ауданға 2 аудандық (Тоболино, Әлімтау) газ таратушы станциясының құрылысына; ағымдағы жылы Шымырбай, Дарбаза, Ақ үй, Құркелес, Жаңаталап, Алғабас, Жылысу, Дастан, Таскескен, Тегісшіл, Мәдениет елді мекендері, жалпы 11 елді мекенді табиғи газға қосуға; 2021-2025 жылдары 31 елді мекеннің тұрғындарын табиғи газбен толық қамтамасыз етуге, оның ішінде: 2021 жылы Бағыс, Береке, Құлтума елді мекендерінде; 2022 жылы 51 разъезд, Ердәуіт, Құрысай, Тасқұдық, Сарысу, Атамекен елді мекендерінде; 2023 жылы Жылға, №3 ферма, Нұрауыл, Шайхана, Шеңгелді елді мекендерінде; 2024 жылы Әлімтау, Қызыласу елді мекендерінде; 2025 жылы Жайдақ құдық, Тасқұдық, Көктал елді мекендерінде газ құбырын салуға ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылы аудан тұрғындары табиғи газбен 100% қамтамасыз ету міндетін алған бағдарламамен танысқан ардегерлер аталмыш бағдарлама аудан орталығынан шалғай жатқан ауылдарды толығымен қамтып, халықтың сұранысы қанағаттандылатынына көз жеткенін айтты. Алдағы саяси науқанда «Nur Otan» партиясымен бірге екенін сөзбен емес, іспен дәлелдейтініне сенім білдірді.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
215

Еще по теме

2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ - Yvision.kz