2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН 99,4% ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕТІН БОЛАДЫ
Бүгін Түлкібас аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мамбетов Ильяс, Әдиат Ердаулет «Есіктен есікке» акциясы аясында Жаскешу және Амангелді ауылының тұрғындарымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Бағдарлама жеті басым бағыттан тұрады. Оолар: экономикалық тұрақты, тұрғындарға ыңғайлы әрі қолайлы, әлеуметтік қызметтерге бағдарланған аудан құру, сондай-ақ жастарды жан-жақты қолдау, ашық және есеп беретін жергілікті органдар құру, тарих пен мәдениетті дамыта отырып, тұрғындар үшін қауіпсіз аудан қалыптастыру. «Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға өз үлестерін қосады.
Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.
Аудан бойынша 62 елді мекеннің 59 елді мекен тұрғындары табиғи газбен қамтылған, яғни 98%-ды құрайды, қалған 3 елді мекен шалғайда орналасқандықтан экономикалық жағынан тиімсіз болып табылады, олар: Ақсай, Қайыршақты және Ирсу елді мекендері.
«Nur Otan» партиясы:
- 2020-2021 жылға дейін Түлкібас поселкелік округіне қарасты Иірсу елді мекенінде және жалпы туризмді дамыту үшін табиғи газбен қамту жобаларын қаржыландыруға ықпал етеді, жобалық сметалық құны – 226,4 млн. теңге. Жоба бойынша 26 тұрғын үй, 1 мектеп, 1 мешіт, 1 клуб және 3744 м2 демалыс аймағы табиғи газбен қамтамасыз етуге;
- елді мекендерде 5 полигонды экологиялық талаптарға сәйкестендіруге және сұрыптап қоқыс жинау контейнерлерін орнатуға ықпал етеді.
Үміткерлер нәтижесінде 2025 жылы аудан тұрғындары табиғи газбен 99,4% қамтамасыз етіледі деп сендірді.
