Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 48 ШАҚЫРЫМ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛЫНАДЫ

Ардақ Өтегеновтың айтуынша, «Nur Otan» партиясы қаладағы жолдардың сапасын жақсартуды жоспарлап отыр. 2025 жылға дейін 48 шақырым жаңа автомобиль жолдары салынады.

- 2021 жылы «Нұр-Ақтөбе» және «Батыс-2» ықшам ауданындағы

жолдарының құрылысын аяқталады. 2021-2022 жылдары Батыс-2 шағын ауданындағы Тәуелсіздік көшесіндегі 3 км автомобиль жолын қайта құру жоспарланды. Бағдарламада көрсетілгендей 2021-2022 жылдары Ақтөбе-Орск автомобиль жолының 8 км қайта жаңартылады. «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы» 13,8 км автомобиль жолын қайта жаңартуды қамтамасыз етеміз,-деді ол.

«Nur Otan» партиясының бағдарламасына сай жыл сайын кемінде 10 автобус аялдамасын орнатылады. 2021 жылы барлық автобустарда бейнекамералар, валидаторлар, дауыс зорайтқыш құрылғыларды орнату жұмыс жасайды. Бұл туралы Серік Амантайұлы хабарлады.

- Қала тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып, маршруттық

бағыттарды жыл сайын қадағалап отырамыз. Кқшелердегі жаяу және велосипед жолдарымен кезең-кезеңмен жабдықталады,-деді Серік Амантайұлы.

Бұдан бсқа олар жол сапасы, экология және бизнестің жаңашыл бағыттары туралы бағдарлама аясындағы тұрғындардың сұрақтарын қамтыды.

0
0
196

Еще по теме