Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

2025 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ТЕГІН БІЛІМ БЕРІЛЕДІ

Облыстық мәслихат депутатына үміткерлер Е.Утеев, К.Ешманов «Жаңаөзен политехникалық колледжі» ЖШС еңбек ұжымымен «Zoom» платформасы арқылы онлайн кездесті.

Кездесу барысында үміткерлер «Nur Otan» партиясының алдымыздағы 5 жылға дайындаған сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, жан-жақты талқылап, Жаңаөзен қаласы халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттарға ерекше тоқталып өтті.

«Nur Otan» партиясы ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейтіні баса айтылды. Білім саласының қызметкерлері мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға оң көзқарастарын білдіріп, «NurOtan» партиясына дауыс беретіндіктерін айтты.

0
0
105

Еще по теме