2018 ЖЫЛҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫ САУДАДАҒЫ ТРЕНДТЕР
Электронды сауданың маңыздылығын жоққа шығару мүмкін емес, себебі бүгінгі таңда сауданың 60%-ы цифрлық жарнамамен және электронды саудамен байланысты болып отыр. Әлем нарықтарының саудасы бұл бағытта дамуына орай е-commerce саласындағы осы жылғы трендтерді анықтау маңызды.
Бөлшек дүкендердің жаңа буыны
Сатушыларға форматтарды біріктіріп жұмыс жасауға тура келеді. Онлайн сатушылар оффлайн нарыққа да жиі назар аударып отырады. Бүгінгі таңдағы прогреске қарамастан, тұтынушылар дүкендерден сатып алынған тауарларды тексеріп, сапасын бақылап өздері алып кеткенді ұнатады.
Frank And Oak онлайн-брендте 16 жаңа дүкен ашып, дүкендер желісіне шаштараз бен кофехана қосты.
Velo Cult велосипед сату желісі келушілерге қолдан дайындалған сыра ұсынады және музыканттарды өздеріне өнер көрсетуге шақырады.

«Kabuk’s» бренді одан әрі даму үстінде: олардың дүкендер желісінен енді – 25С температурасы бар бөлмелерде тұтынушылар тауарды тексеріп, түрлі температурада киімнің сапасын бағалай алады.
B2b-дің электронды саудадағы өзгерістері
B2b-компанияларының басшылары электронды саудаға аса назар аударды. Ал компания қызметкерлері бұл процестің тез орындалуын қамтамасыз етеді. Компанияларда енді телефон арқылы емес онлайн тапсырыс беру енгізілді.
Келесі жылдан бастап, b2b компаниялар электронды сауданы дамытуға бөлшек саудаға қарағанда көп көңіл бөлмек. 2020 жылға қарай b2b-ecommerce нарығы $6 триллион болады, ал b2b клиентінің орташа жасы 35 жасқа дейін қысқартылады.
Сатып алушылардың 90%-ы онлайн режиміндегі өнімдер мен қызметтерді іздейді. Сонымен қатар 70%-дан астамы интернетте жабдықтаушылар туралы ақпаратпен танысады.
Өнімді визуализациялау
Биылғы жылы технология тұтынушыларға смартфондар арқылы тапсырыс беретін өнімдерді үйде тұрғандай етіп көруге мүмкіндік береді. Бірнеше жыл бұрын бұндай көрініс ақылға сыймайтындай болған. Енді үйдегі барлық нәрсенің қалай көрінетінін қарап алуға болады: жастықтан бастап тоңазытқыштарға дейін. Бұл онлайн сатып алынған тауарларды кері қайтаруды айтарлықтай азайтады.

Houzz тұтынушылары Ikea Place мобильді қосымшасымен бөлмені суретке түсіріп алып, бөлмеге сәйкес келетін жиһаздарын өлшеп көре алады.
Конверсияны өзгерту
Бөлшек сауда маркалары қазіргі уақытта жарнамалар арқылы қанша интернет арқылы табыс көздерңн бңле алатын болды. Бұл ROPO Ratios-ті енгізгеннен кейін мүмкін болды.(«Research Online, Purchase Offline» — онлайн іздеп, офлайн сатып ал).
Ұялы телефонды пайдаланушылардың 82% үйге жақын жердегі дүкендерді іздейді, сұраныстардың шамамен 20% -ы тапсырыс берген күні тауарды сатып алады. Осының барлығын заманауи технологияларды біріктіре отырып, бөлшек саудагерлер бүкіл конверсияны есептей алады.
Смартфоннан арқылы сатып алушылар санының көбеюі
Смартфондардың адам қажеттілігін өтеуде маңыздылығы артуда, ұялы телефонмен сатып алу оңай – жеке төлем картаңыз қажет емес, өйткені олардың орнын Google Pay және Apple Pay басып отыр.

Қазірдің өзінде Starbucks-тегі 10% тапсырыс смартфондардан келіп түседі. Ал жыл соңына дейін бұл көрсеткіш электронды саудада 70%-ды құрайды деп болжанып отыр.
Amazon Go дүкендерінде сатып алушылар кіреберісте смартфон арқылы авторизациядан өтіп одан кейін ғана тауарларды таңдап, сатып алады. Ал төлем ақшасы автоматты түрде шоттан шешіліп алынады.
