Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

2017-2021 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ЕЛДЕ 320 МЫҢ ЖАҢА МАМАН ДАЙЫНДАЛАДЫ

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен 8 тамызда өткен Үкімет отырысындағы Білім және ғылым министрлігі жасаған есептің негізгі баптарымен таныс болыңыздар.

Ерлан Сағадиевтің баяндамасы министрліктің «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру аясындағы қызметіне қатысты болды.

Атап айтқанда «Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау» бағыты бойынша әңгіме өрбіді. Біз осы бағытта маман дайындауды қолдаймыз. Яғни, министрлік жергілікті атқарушы органдардың білім саласына бөлген қаржысына қадағалау жасайды.

2017-2021 жылдар аралығында бағдарламаға 320,5 мың адам тартылады. Оның ішінде кадр даярлауға - 106,5 (жыл сайын 21,0 мың адам қабылданады). Бірінші бағытты қаржыландыру үшін осы уақыт аралығында 68,4 млрд теңге бөлінеді. Мамандарды даярлауға 50,7 млрд теңге жұмсалады.

Министрлік техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік білім беруді ұйымдастыру ережесін бекітті. (2017 жылдың 17 шілдесіндегі №35 бұйрық). 2017 жылдың 17 шілдесіндегі №338 бұйрық бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бүгінгі күні аймақтарда кадр дайындағысы келетін үміткерлердің тізімін жасаумен айналысатын 18 44 мобильді топ құрылды. Сондай-ақ 317 білім беру мекемесінің тізімі жасалды.

Жергілікті атқарушы органдар 586 білік бойынша сұранысқа ие 271 жұмысшы мамандықтарын анықтады. Оның ішінде техникалық, технологиялық, ауылшаруашылық мамандары мен сервис және қызмет көрсету де кіреді. Біздің министрлік ол бойынша біріккен модульді оқу бағдарламаларын дайындауда.

Қазір нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысатындар санаты белгілі. Олар: 
- 9-11 сынып бітіргендер; 
- жоғары оқу орнына түсе алмай қалғандар мен жұмыс іздеп жүргендер; 
- тұрмысы қиын адамдар; 
- әл-ауқаты төмен отбасы мүшелері мен басқа да азаматтар.

Олардың барлығы шәкіртақы алып, тәулігіне бір рет ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, жол шығыны өтеледі. Бүгінде біз кадр даярлауға үміткер 12 771 адамнан өтініш алдық.

-1
0
580

Еще по теме

2017-2021 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ЕЛДЕ 320 МЫҢ ЖАҢА МАМАН ДАЙЫНДАЛАДЫ - Yvision.kz