Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

20 маусым мен 1 шілде аралығында 92 827 мектеп бітіруші Ұлттық бірыңғай
тестілеуден өтті. Мұндай ауқымды шара республика бойынша ондаған тәжірибелі команданың жүйелі жұмысының нәтижесінде жүзеге асты.

Түлектер 165 арнайы бекетте сынақ тапсырды. Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтары өте құпия сақталған. 2016-2017 оқу жылындағы 4 978 мектеп бітірушінің 4 526-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. 210 бала тестке қатысудан бас тартты. Оның ішінде: 
· Шет елдегі оқу орнына түскендер — 78; 
· Денсаулығына байланысты босатылғандар — 31; 
· Өз өтінішімен босатылғандар — 15; 
· Халықаралық олимпиада жеңімпаздары — 49; 
· Назарбаев Университетіне түскендер — 37. 

«Алтын белгіге» ие болған 213 баланың 142-сі тестке қатысты. Қалған оқу озаттарының жоғары оқу орындарына мерзімінен бұрын ие болған гранттары бар. 

Ең жоғарғы балды (140-тен 137 балл) «Нұр Орда» мектеп-лицейінің түлегі Алтынай Әмірхан алды. Төрт түлек 135 балл алды. Олар: 
1. Юлия Лапенко (№6 мектеп-гимназия) 
2. Фариза Оразбекова (№50 мектеп-лицей) 
3. Тоғжан Оразаева (№65 мектеп-гимназия) 
4. Тұрсынай Абельдинова (№4 мектеп-гимназия) 
1171 оқушы 100 балдан жоғары алса, Астана қаласы бойынша орташа балл 84,65 болды. 

Биыл ҰБТ форматына өзгерістер енгізілген болатын. Егер бұған дейін тест өту нәтижесі бойынша балалар аттестат пен оқуға түсуге қажетті сертификат алатын болса, биылдан бастап ұлттық бірыңғай тестке талапкер ретінде қатысады. Алған балл саны бойынша бағаланатын бұрынғы жүйе енді жоқ. 

Егер талапкер немесе мектеп бітіруші ойдағыдай аттестация тапсырып, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының біріне түсуге ниет етіп, грант бөлу байқауына қатысқысы келген жағдайда Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш жаза алады. 

Тестілеуден соң сынақ қабылдаған барлық бекеттерде апелляциялық комиссия жұмыс істеді. 158 апелляция өтініші келіп түсіп, оның 19-ы оң жауап алды. Бір айта кетерлігі, аудиториядан қуылған немесе Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі жойылған жағдай биыл болған жоқ.


0
0
352

Еще по теме

2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ - Yvision.kz