Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

20. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

(1940 ж.т., Орда ауд., Жиекқұм ауылдық кеңесі, 16.12.2009 ж.) – өлкетанушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Орал пединститутына түсіп, 1962 ж. математика және сызу пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1962-1964 ж. Жәнібек ауданы, Абай атындағы мектеп интернатта, тағы басқа мектептерде мұғалім, тәрбиеші болып қызмет істеген. 1964-1965 жж. Жәнібек аудандық комсомол комитетінде жауапты қызметте болып, қайтадан педагогтік қызметке оралады. Ол Орда кентіндегі сауықтыру мектеп - интернатында, М.Горкий атындағы орта мектепте аға тәрбиеші, мектеп директорының орынбасары, сауықтыру мектеп- интернатының директоры болып жемісті еңбек еткен. 1978 ж. Орда тарихи-революциялық мұражайының директоры болып жұмыс жасап, Орда өңірінің аса бай тарихын зерттеп-зерделеуде елеулі үлес қосты. 1998-2000 ж. Орда селолық әкімі болды. 2001 жылдан Бөкей Ордасы тарихи-мұражай кешенінің директоры. “Жәңгір мектебі – білім бастауы” кітабы жарық көрді. Сондай-ақ өлкетану тақырыбына арналған мақалалары мерзімді баспасөз беттерінде ұзақ жылдар бойына жарияланып тұрады. Ол ҚР Президентінің Құрмет Грамотасымен, “Ерен еңбегі үшін” медалімен Республика тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалі мен мәдениет министрлігі мен облыстық мәдениет басқармасының «Құрмет грамоталарымен» марапатталған.

Т.Махимовқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 қарашадағы №10-4 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
135

Еще по теме

20. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz