Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

20.03.2015

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қарттар үйінде қайырымдылық акциясын ұйымдастырды
Наурыз мерекесі қарсаңында 2015 жылғы 19 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері №2 Жамбыл облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат – үйінің тұрғындарын құттықтады.
Аталар мен әжелерге арналған кең дастархан жайылды. Ыстық бауырсақ пен дәстүрлі Наурыз көже жайылған дастарханның сәнін келтірді. 
Мерекелік іс - шара барысында мүмкіндігі шектеулі спортсмендер арасындағы IV республикалық спартакиаданың бірінші орын иегері, дарынды жігіт Талғат Аманбаев өлең айтып, баршаға көңілді күй сыйлады.
«Жаңа жылды қалай қарсы алсаң солай жылды шығарып саласың» дегендей біз өзіміздің шығыс жаңа жылын жақсы қарсы алып жатырмыз, енді алда тек жақсылықтар күтіп тұр деп сенгіміз келеді», - дейді интернат-үйінің қариясы Құанышбай ата.
«Наурыз – береке мен бірліктің мерекесі. Қайырымдылық пен мұқтаж адамдарға көмек қолын созу біздің ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан қанымызға сіңген қасиет. Ал мұндай шара ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан дәстүрге деген құрметі деп білуге болады»,- деп атап өтті Депатамент қызметкері. 
Департамент тарапынан Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекелері аясында «20 мейірімді іс» акциясы жүргізілуде.

0
0
365

Еще по теме

20.03.2015 - Yvision.kz