2. ЖАЙЛЫ ҚАЛА
«Nur Otan» партиясы азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, таза су, экология және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайды.
Жолдардың сапасын жақсартайық
Жолдар – әр аймақ өмірінің негізгі артериялары.
«Nur Otan» партиясының мақсаты – автомобиль жолдарының сапасын арттыру, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 2025 қарай қалалық жолдарды 89,7%-ға дейін, ауылдық жолдарды 48,9%-ға дейін, аудандық маңызы бар жолдарды 100% дейін жеткізу.
Бұл үшін алдағы бес жылда партия қол жеткізетін болады:
- Автожолдардың сапасын кезең-кезеңмен жақсарту, мәселен:
• 2021 жылы 18,96 шқ. – жол салу, 9,3 шқ –. автожолды жөндеу («Астана» ш/а: Байтұрсынов, Аймауытов, Жұмабаев, Дулатов, Нұржанова көшелері; «Мұнайлы» ш/а: Қонай батыр, Бисекенов көшелері және «Ақбұлақ» ш/а Бозашы көшесі; «Рахат» ш/а: Гүлдер, Балауса, Жемісті көшелері; «Ақсу» ш/а: Қайырлиев және Маната көшелері);
- Тұрғындарды тасымалдауға жағдай жасау бойынша 40 автобус сатып алу және 50 дана аялдама павильондарын салу жоспарланды.
Нәтижесінде бұл шаралар қаланың 174,5 мыңнан астам тұрғынын сапалы жолдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеміз
«Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай қала халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешуді жоспарлап отыр.
Орталықтандырылған су жабдықтаумен барлығы 154 мыңнан астам тұрғын, оның ішінде Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарында тұратын 70 мыңнан астам тұрғын қамтылатын болады.
Бұл бағытта «Nur Otan» партиясы:
- Ауыз су тапшылығын шешу мақсатында – 2023 жылы Кендірлі демалыс аймағы ауданында магистралды құбыржолы бар, қуаты тәулігіне 50 мың м3 теңіз суын тұщыту зауытын салуға;
- 2020-2021 жылдары Теңге және Рахат ауылдарында аяқталмаған жер учаскелерінің (сумен жабдықтау – 9,2 шақырым) инженерлік желілерін салуға;
- 2021 жылдары Жаңаөзен қаласының су тазарту имаратынан Теңге ауылына дейін су тазарту құбырын (9,0 шақырым) салуға;
- 2021-2022 жылдары Жаңаөзен қаласында кәріздік тазарту құрылысын (қуаты 10,5 мың м3, 2-кезек) салуға;
- 2023-2024 жылдары «Мамыр» шағын ауданында кәріз желісінің құрылысын салуға;
- 2023-2024 жылдары Теңге ауылында кәріз желісінің құрылысын салуға;
- 2021-2022 жылдары орталық жылу қазандығы аумағынан 5 000 м3 су сақтау резервуарының құрылысын салуға ықпал етеді.
Өмір сүру жағдайын жақсартайық
«Nur Otan» партиясы – отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау жөніндегі шаралар кешенін қолдануды қажет деп санайды.
Біздің қалада 154 мыңнан астам халық тұрады. Жергілікті атқарушы органдардағы тұрғын үй алу кезегінде тұратындар саны – 4 245, оның ішінде көп балалы отбасылар – 225.
Ол үшін «Nur Otan» партиясы:
- 2022-2023 жылдары халықтың әлеуметтік осал топтары үшін Жаңаөзен қаласының «Рауан» шағынауданында жалға берілетін тұрғын үйлер (160 пәтер, 14,1 мың м2) салуға;
- 2021-2022 жылдары басқа өңірлерден мамандарды тарту, жұмыс істеп жүрген кадрларды ұстау, кадрлар тапшылығын жою мақсатында жатақхана салу (180 орынға арналған, 13,8 мың м2);
- 2021-2023 жылдары «Бейбітшілік» шағынауданында жеке инвесторлардың қаражаты есебінен 1 080 пәтерлік (71,1 мың м2) 19 жаңа тұрғын үй құрылысын салуға;
- Жаңаөзен қаласындағы 40 ескі көп қабатты үйлерді, оның ішінде: «Шаңырақ» шағын ауданындағы 31 үйді, «Теміржол вокзалы» маңындағы 9 үйді бұзып, орнына 1 720 пәтерлі заманауи 24 жаңа көп қабатты тұрғын үйлерді (жалпы ауданы 96,4 мың м2, жеке инвесторларға жер учаскелерін беру жолымен) салуға;
- «5-10-20» бағдарламасы бойынша кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны одан әрі іске асыруға;
- Көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы аудандарының және жеке тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға;
- Жаңаөзен қаласының көшелерін (вело жолдарын салуға, жаңа жиектастар орнату, бұрыннан барын ауыстыру, тротуарларды ағымдағы жөндеу) абаттандыруға;
- 25 спорт және 25 ойын алаңшаларын орнатуға ықпал етеді.
2025 жылға қарай бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін 22,4 м2 дейін жеткізуді мақсат етіп отыр.
Тұрғын үй қоры мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инфрақұрылымын жақсартайық
Қала тұрғындарының жайлы тұруы үшін «Nur Otan» партиясы халықты су бұрумен, жылумен, электрмен жабдықтау және көшелер мен аулаларды абаттандыру мәселелерін шешетін болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
- 2025 жылға Жаңаөзен қаласында ескі 10 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге;
- 2020-2021 жылдары Теңге және Рахат ауылдарында аяқталмаған жер учаскелерінің инженерлік желілерін (газбен жабдықтау) салуға;
- 2020-2021 жылдары Теңге және Рахат ауылдарында аяқталмаған жер учаскелерінің инженерлік желілерін (электрмен жабдықтау) салуға;
Экологиялық жағдайды жақсартайық
Халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде қарастыра отырып, экологияға инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасауға қол жеткіземіз.
Сонымен қатар, аймақ тұрғындары қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесуі және өндірісте және тұрмыста таза экологиялық технологияларды енгізуді қолдауы тиіс.
Ол үшін алдағы «Nur Otan» партиясы:
- 2021-2022 жылдары Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарынан шығарылатын тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыратын типтік үлгідегі жаңа полигондардың құрылысын салу;
- 2021 жылы Жаңаөзен қаласы аумағындағы жалпы ауданы 37 га ескі полигонды қайта жаңарту;
- 2021-2025 жылдары қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін 5 мың дана контейнерлер сатып алып орнатуға;
- 2021-2025 жылдары қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін 7 бірлік арнайы техника сатып алуға ықпал етеді.
Нәтижесінде, аталған шаралар қаланың 174,5 мыңнан астам тұрғыны үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.
#nurotan #nurotanmangystau #nurotanzhanaozen
