Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

2. ЖАЙЛЫ ҚАЛА

«Nur Otan» партиясы азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әрқайсысының орталықтандырылған сумен жабдықтауға, таза ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайды.

Бұл бағытта қаланы абаттандыруды дамыту тұжырымдамасы жалғасатын болады.

Тұрмыс жағдайын жақсартамыз

«Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау жөніндегі шаралар кешенін қолдануды қажет деп санайды.

Біз 2025 жылға қарай кезекте тұрған отбасынөз баспанасымен қамтамасыз ету бойынша шараларды атқарамыз.

Ол үшін біз міндеттер қоямыз:

➢ 2021 жылы 19A және 33 шағын-аудандарда 655 пәтерден тұратын 6 көппәтерлі үйлердің құрылысын аяқтау және төрт 9 этаждық 18 шағын-аудандардаалты тұрғын үйдің құрылысын бастау;

➢ 2022 жылы 19 шағын-ауданда 130 пәтерден тұратын 2 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын аяқтау;

➢ 2021 жылдан 2025 жыл аралығында қаланың 13 шағын ауданын (№№ 1, 3, 3А, 4, 5, 8, 9, 13, 14, 22, 28, 28А, 29) спорттық, балалар алаңдарымен, жолдарды жөндеу, бордюрлермен, тротуарлармен, тұрақ аймақтарымен абаттандыру.

Көлік инфрақұрылымын жақсартайық

Көлік инфрақұрылымыныңнысандарықала үшін маңызды болып табылады.

«Nur Otan» партиясының мақсаты – теңіз портын дамытуға инвестицияларды арттыру және жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 78%-дан 89,4%-ға дейін жеткізу.

Ол үшін біз келесі міндеттерді алға қоямыз:

➢ 2021 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын кемінде 4 км автомобиль жолдарына жөндеу жүргізу (2021 жылы – 11 және 12 шағын аудандар арасында 4 км, 2022 жылы – 23 шағын аудан арасында 1,4 км, 2023 жылы –

26 және 27 шағын аудандар арасында 1,5 км, 2024 жылы – 28А және 28 шағын аудандар арасында 1,3 км);

➢ 2022 жылы Ақтау қаласының «Рауан» тұрғын-үй массивінің 12 км автомобиль жолының құрылысы салу;

➢ 2021 жылдан 2025 жылға дейін қаланың ішкі аудандарындағы

48,5 мың м2 ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу жүргізу;

➢ 2022 жылға дейін «Жылы жағажай» ауданында 19,6 км жолдың құрылысын аяқтау;

Бұл шаралар қаланың – 215 мыңнан астам тұрғынын сапалы жолдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Инженерлік желілермен қамтамасыз етеміз:

Ақтау қаласында қаланың жаңа шағын аудандарында инженерлік желілер салу басым бағыттар болып табылады және жаңа шағын аудандарына инженерлік инфрақұрылым құрылысын жаңарту.

Ол үшін біз келесі міндеттерді алға қоямыз:

➢ 6,6 км сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту (2021 жылы

27 шағын-ауданда 1,4 км, 2022 жылы 28 шағын-ауданда 2,4 км, 2023 жылы 28 және 28А шағын-аудандарда 1,3 км, 2024 жылы 13 шағын-ауданда 1,54 км);

➢ 6,8 км жылумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту (2021 жылы

4 шағын-ауданда 2,1 км, 2022 жылы 5 шағын-ауданда 0,3 км, 2023 жылы 6 шағын-ауданда

1,6 км, 2024 жылы 1 және 2 шағын-аудандарда 2,8 км);

➢ Су бұру желілерінің 2,5 км желілерін қайта жаңарту (2021ж. – 28 ша 0,2 км, 2022ж. – 1 ш-а 0,5 км, 2023ж. – 12 ш-а 0,3 км, 2024ж. – 13, 14 ш-а 1,5 км);

Нәтижесінде, аталған шаралар қаланың 70 мыңнан астам тұрғыны үшін жайлы өмір сүру жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.

Экологиялық жағдайды жақсартайық

қала тұрғындары қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесуі және өндіріс пен тұрмыста Таза экологиялық технологияларды енгізуді қолдауы тиіс.

Ол үшін алдағы бес жылда «Nur Otan» партиясы келесілерге қол жеткізетін болады:

➢ ҚТҚ шақыру бойынша қоқыс таситын арнайы техника санын арттыруына;

➢ Рұқсат етілмеген үйінділерді жою және қоқыс үйінділерінің пайда болу мүмкіндігін азайту бойынша шараларды күшейтіліне;

➢ Барлық елді мекендерде контейнерлерді орнатуына, оның ішінде қоқысты бөлек жинау және ҚТҚ жинау үшін жыл сайын 300 контейнер,

2 қоқыс тасушы және 2 арнайы техник сатып алуына;

Нәтижесінде, 2025 жылға қарай қалада қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату үлесі 80% құрайды.

#nurotan #nurotanaktau

0
0
124

Еще по теме

2. ЖАЙЛЫ ҚАЛА - Yvision.kz