19.06.17
Бір аптаға созылған экспедициямыздың соңғы күні келді. Таңертеннен біз жоспарлағандай “Тенгиз Шевройл” компаниясына бардық. Осы компания маған ұнады, себебі жұмысшылар бізге жұмыс жасау процессін түсінікті әрі қызықты түсіндірді. Сонымен қатар, олар бізді өте жылы шығарып салып, әрбірімізге рюкзактан сыйлады. Барлығымыз риза болып, жақсы көңіл күйде келесі орынға аттандық.
Келесі бағдарымыз брифинг болды. Брифингке бізден басқа жергілікті БАҚ-тың өкілдері қатысты. Осы брифингте біз жалпы ТЕТ жайлы сөз қозғап, сапарымыздың жағымды және жағымсыз жақтарын талқыладық.
Кейін мектепке оралып, біз жабылу салтанатын өткіздік. Ол өте жақсы өтті. Біз ризалығымызды айтып, ұйымдастырушыларға ән арнадық. Бізге естелік сыйлықтар беріліп, қуанышымызда шек болмады. Соңында бәріміз бірігіп “Бір үйдің баласындай” әнін шырқадық. Жалпы барлығы қызықты, әдемі өтті.
Бұл біздің соңғы күніміз болғанына мен кішкене мұңайдым. Дегенмен де, мен осы сапар үшін Атырау қаласына өте ризамын. Алдымызда бізді жаңа шыңдар күтіп тұр. Біз - Қазақстанның болашағымыз, сондықтан да тек алға ғана жүруіміз керек. Мен ТЕТ жобасына қатысқан әрбір адамға өзімнің мың алғысымды айтқым келіп тұр. Осындай қызықты да пайдалы тәжірбие үшін үлкен рахмет!
Айтпай Махамбет
