18 жасар Астана
Ұлан ғайыр еліміздің бас қаласында бүгін дүбірлі той, үлкен мереке. Себебі Арқаның төрінде сылдырап аққан ерке Есілдің туындысы- Астана бұгінде кәмелеттік жасына толуда.Биылғы 2017 жылдың ерекшелігінің бірі сол болса, екіншісі ол биылғы Астана күнін тек Отандастарымыз ғана емес,бүкіл әлем тұрғындары болып бірге тойлаймыз.Бұл,әрине біз үшін зор мәртебе,Астана үшін үлкен сын. Бүгін оны ата-бабамыздың ежелгі ғұрпы- бағыштау,яғни инициациядан өткізеді. Ежелгі дәстүр бойынша, бағыштау деген- балалар тобынан ересектер тобына өту ғұрпы.Осылайша жас жеткіншектер әртүрлі сыннан өтіп, өздерінің ересектер тобына лайықты екендіктерін дәлелдеген-тін.Міне, Астанаға да осы күн келіп жетті.Олай болса, қала тұрғындары, Отандастар сіздерді жұмыла отырып, Астанамыздың мерейін асқақтатуға шақырамын. Дана халқымыз "жұмыла көтерген жүк жеңіл " демеуші ме еді?!
