Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

18. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

Ақын

((13.12.1936 ж.т., қазіргі Бөкей Ордасы ауд., Искра (Ұялы) а.) Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1972). 1960 ж. Орал педиинститутын бітірген. Жаңақала, Фурманов аудандары, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстық газеттерінде қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағының Орал облысындағы әдеби кеңесшісі болды. Ж.Нәбиуллин облыс аумағында тұратын көптеген қаламгерлерді баулып, сөз өнерінің қасиетті жолына шыңдады. Ақынның тырнақалды туындылары “Жас дәурен” атты ұжымдық жинақта 1961 ж. жарияланған. Кейін “Жазушы” баспасынан “Ақ жаңбыр” (1967), “Таныс әуендер” (1972), “Қас қағым” (1983), “Жырлайды жырлар” (1985), “Жоғары кернеу” (1989), “Жетінші перне” (1-том, 2001), “Жетінші перне” (2-том, 2001), “Жетінші перне” (3-том, 2003), “Жетінші том” (4-том, 2002), “Жетінші перне” (5-том, 2006) жарық көрді. ҚР Президентінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Ж.Нәбиуллинге Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2006 жылғы 23 желтоқсандағы №30-6 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
142

Еще по теме

18. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz