18.06.17
Бүгінгі күн қиын болды, өйткені 12 сағат автобустың ішінде өтті. Туған елге тағзым жобасының бағдарламасы бойынша біз Махамбет Өтемісұлының мазарына бару керек болдық, сондықтан да таңғы кезде мектептен шығып Индер ауданыңа қозғадық. Индерге дейін біз 3 сағатай жүріп
Махамбет мазарға жол таба алмай адастық. Өйткені, біріншіден бізбенбірге сапарға шыққан мұғалімдер өзі Махамбеттің мазарына бірінші рет
бара жатты, екіншіден жол көрсететін жолдағы белгілер болмады. Жолдағы кедір-бұдырлықтармен байланысты біз көп сағат жүрдік. Екі жарым сағат жолда жүріп, мазарға жол таппай, адасып, Индерге
қайттық. Осы Индерде орналасқан кафеде «Мереке» бізде түскі ас болды.
Кейін, жергілікті адамның көмегі арқылы Малайсары мен Махамбет мазарын таптық. Сонан соң тұзды көлге келіп оның тұздылығын тексердік. Яғни, қиын жағдайларға қарамастан біз ақыры өз мақсаттарымызға жетіп, жоспар бойынша барлығын орындадық. Мектепке біз ұйқылы, шаршап келдік. Қорытындылай келсек, бүгінгі күн көбінесе автобус ішінде өткені менің көнілің түсірді.
