18.03.2015
2015 жылғы 17 наурызда өткен Тәртіптік кеңестің мәжілісінде прокуратура органдарынан түскен ұсыныстар бойынша қозғалған 17 тәртіптік іс қаралды, одан өзге 1 тәртіптік іс қаралатын тұлғаның ауырып қалғандығына байланысты уақытша тоқтатылды.
Қарау нәтижелерімен мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтары үшін 5 тұлғаға қатысты ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 2 тармағына сәйкес қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тарту ұсынылды.
Сондай-ақ, еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтары үшін, азаматтардың құқығын ескермегені үшін 5 мектеп директорларына қатысты ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 2 тармағына сәйкес қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тарту ұсынылды.
1 тұлғаға қатысты мемлекеттік қызмет заңнамасына сәйкес сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тарту ұсынылды, 6 тұлғаға қатысты тәртіптік істер дәлелін таппағандығына байланысты қысқартылды.
