17. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(10.04.1941 ж.т., Бөкей ордасы ауд.,Ұялы а.). Орал ауыл шаруашылығы техникумын зоотехник маман мамандығы бойынша бітірген (1961) Еңбек жолын Казталовка ауданы Құрманғазы кеңшарының қой фермасында зоотехник болып бастады, бас экономист қызметін атқарды. 1967-74 ж. Құрманғазы кеңшарында өз мамандығы бойынша, 1974-89ж. Орда ауд. «Искра» қаракөл қой кеңшарында зоотехник, кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланады. 1994 ж. қаңтар айынан бері Искра ауылдық округі әкімі. «Еңбек ардагері» (1986) және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.
Е.Амановқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2004 жылғы 19 сәуірдегі №5 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
