Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

17.06.17

Қазір оқуын бітіріп, жазғы демалыста бөлек кітап ашқан, не ғылымды зерттепі жатқан балалар бар ма? Бар. Бүгін ТЕТ экспедициясының қатысушылары Атырау мұнай және газ университеті мен облыстық кітапханаға барды. Университетте жетекші мамандар бізге мұнайдың өндіру процесін толық көрсетіп, шынайы техникаларды демонстрациялады. Мұнай шығару және өндіру методтарын өз көздерімен көріп, қалаған сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, біз университетті тек қана білім жағынан ғана біліп қоймай, сондай-ақ студенттердің өмірлерімен танысып, олармен де біраз сөйлестік. Қазақстандағы жалғыз мұнай және газ университетінде оқу студенттерге қатты ұнайды екен. Олар түрлі спорттық және шығармашылық үйірмелерге белсенді қатысып, уақыттарын қызықты да пайдалы өткізеді. Бізге де осы университет ұнап, ол туралы тек қана позитивті ойда қалдық.

Одан кейін сапарымыз Атыраудағы ең көлемді облыстық кітапханада жалғасын тапты. Біз сондағы түрлі кітаптар жинақтарымен, раритетті оқулықтармен танысып, Фариза Оңғарсынованың жалғастырушысы Әлия Дәулетбаеваның кабинетінде болдық. Кітапхана кең, ішінде үш тілде түрлі кітаптар, газет-журналдар бар, жұмыс істеуге және оқуға барлық жағдайлар қамтылған. Келіп, оқимын десеңіздер – олардың есіктері сізге әрдайым ашық!

Күнімізді қорытындылайтын болсақ, біздің сапарымыз өте қызықты және мәліметке толы болды.

 
0
0
228

Еще по теме

17.06.17 - Yvision.kz