17.03.2015
Жамбыл облыстық ауруханасының қызметкерлеріне ҚР «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттары» түсіндірілді.
2015 жылдың16 наурыында Жамбыл облыстық аурухананың қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Жамбыл облысы бойынша Департаменттің басқарма басшысы Н.Нұржігітов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның басым бағыттарына тоқталып өтіп, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендетіндігін және ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіндігін атап өтті.
Сонымен қатар, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVI съезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігі жанынан мемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықты қатаң бақылауға алатын орган жұмысының күшейетіндігі жөнінде айта келе, алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықпен күрестің күшейе түсетіндігін түсіндіріп өтті. Ал, Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Ұлттық қордан бөлінген қаражатты тиімді әрі оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етуі керек. Әр теңге үшін қатаң сұрау болатындығын» айта келе, жиынға қатысушыларды жемқорлықпен бірлесе күресуге шақырды.
Сондай-ақ, облыстық аурухананың бас дәрігері С.Бейсенбеков ұжым арасында келеңсіз жағдайларға жол берілмегендігін және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша арнайы жұмыс жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығы жөнінде атап өтті.
