17.03.2015

«АҒАШ ТАМЫРЫМЕН, АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ»
Жамбыл облысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігі департаментімен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдық мерейтойларына орай «20 мейірімді іс» жобасының аясында «Қаланы көгалдандыру» акциясы ұйымдастырылды .
2015 жылғы 17 наурызда көктемнің шуақты Наурыз мерекесі қарсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері Дінмұхаммед Қонаев атындағы аллеясында ағаш екті.
Департамент басшылары қоршаған орта және табиғатты қорғаудың үлгісін көрсете отырып, алғашқы болып жас көшеттерді отырғызды.
Департамент басшысы М.А.Қожабаев «Біздің мекеменің қызметкерлері бұл бастаманы ерекше қолдай отырып, белене кірісті. Өйткені, қоршаған ортаны аялау, оны таза ұстау және айналаны жасыл желекке айналдыру әрбір азаматтың борышы екендігін ұмытпауы тиіс. Егер де, әрбір азамат бір тал егетін болса, экологияны жақсартуға үлкен үлес қосатыны анық», - деп айтып өтті.
Акция туған жерге, Отанға деген махаббат пен патриотизмнің шынайы көрінісі болып табылады. Бұл шаралар тұрақты түрде өткізіледі.
