17.03.2015
2015 жылдың 13 наурызында Облыстық жасөспірімдер үйінде Департаменттің ұйымдастыруымен өткен кездесуге мекеме ұжымы мен тәрбиеленушілер қатысып, қоғамдағы түйіткілді мәселелердің бірі саналатын – сыбайлас жемқорлық түсінігі мен жағдайлары туралы пікірлер айтылды. Кездесуде дәріс оқыған Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Н.Еркебаев «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының» негізгі мақсаттары мен міндеттерін, биылғы жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдаудың басымдықтарына тоқталып өтіп, жастардың және оқытушылардың сұрақтарына жауап беріп, жемқорлықтың жағымсыз көріністері туралы бейнеролик көрсетті.
Сонымен қатар, еліміздегі жемқорлық деңгейін төмендеуіне сенбейтін жастарға адам санасындағы «стереотипті» бұзатын мысалдағы тренинг өткізілді.
