16. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
еңбек ардагері.
(1938 ж.т., Орда ауд. - 2018ж Хан ордасы а.) – жергілікті басшы. Жоғары білімді инженер-зоотехник. Еңбек жолын “Бисен” кеңшарында көмекші малшы болып бастаған. Әуелі есепші, сосын құрылыс прорабы, ферма меңгерушісі болған. 1980-1987 ж. “Бисен” қой кеңшарының директоры, одан кейінгі жылдарда түрлі шаруашылық ұжымдарда басшылық қызметте істеді. 1997 жылдан Орда ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы. Ол – қызметінде жаңаша бағыт ұстап, жұмыс стилін уақытқа бейімдеген ауыл басшыларының бірі. Соңғы жылдары батыл қадамдар жасап, шаруашылық өміріне маңызды жаңалықтар енгізді. Шаруашылықты жүргізуде жаңа леп, тың шешімдер орнатты, сондай-ақ өлкенің табиғатын, орман байлықтарын қорғап, оны келесі ұрпақтар игілігі үшін сақтауда көп еңбек сіңірді. Ауылшаруашылығы ұжымдарын мемлекет иелігінен алу қозғалысы басталған кезде Е.Нұрлыбаев бұл шараны өзі басқаратын шаруашылық тұрғындарының мүддесіне сай, олардың тұрмыс-тіршілігіне оң әсерін тигізетіндей етіп жүзеге асыруда көп күш-жігер жұмсады
Е.Нұрлыбаевқа Орда аудандық мәслихатының 1998 жылғы 3 маусымдағы №17 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
