Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

16.06.17

16.06.17

Таңертең біздің сапарымыз Атырау мұнай өндіру зауытынан(АМӨЗ) бастау алды. Зауыдтың ішіне кірмесек те, біз инжинердің, технологтың және экологтың  зауыт туралы сөзін тыңдап, сұрақтар қойып, сол зауыт туралы көп білдік. Содан кейін біз осы АМӨЗ-дың тарихымен таныстық. Оны біз сондағы мұражай арқылы білдік

Кейін мектепке келіп, біз түскі асқа бардық. Осыдан соң Атырау бекіре балық өсіру кәсіпорнына бардық. Осы жерде бекіренің шабықтарын өсіріп, Жайық өзеніне жібереді екен. Бізге арнайы өскен балықты алып шығып көрсетті. Маған оның барлығын өз көзімен көру қатты ұнады.

Одан кейін бос уақыт қалғандықтан біз “Байзар” сауда орталығына бардық. Сол жерде біраз аралап, түрлі қызықтарын көрдік. Одан кейін “Ардагер” атты сауда орталығына бардық. Бұл жерді де аралап, керекті заттарды сатып алып, жатаханамызға қайтып келдік. Маған осы көбіне Байзар орталығы ұнады, себебі оның экстерьері өте тамаша, модерн стилінде жасалған, және ішінде де түрлі. өте қызықты бутиктер, орындар бар.

Күнімізді қорытындылайтын болсақ, менде Атырау қаласына патриоттық сезім туды, себебі мен Атыраудың Қазақстан үшін қосатын үлесін түсініп, мақтагн тұтатын болдым.


 
0
0
176

Еще по теме

16.06.17 - Yvision.kz