15. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
еңбек ардагері.
(1931 ж.т., қазіргі Бөкей Ордасы ауд., Мешітқұм а. 2019 ж Орал қаласы) – еңбек ардагері. Алматы ауылшаруашылық институтын бітірген. 1961-1963 ж. Орда ауылшаруашылық механикаландыру училищесінде оқытушы, кейін Орда, Жәнібек, Фурманов аудандарының шаруашылықтарында басшы, 1961-1991 ж. Орал обл. халықтық бақылау к-т-і төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. Батыс Қазақстандағы ядролық-ракеталық сынаққа қарсы “Нарын” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі. Халықаралық “Невада-Семей” қозғалысын үйлестіру кеңесінің мүшесі болды, облыстық мәслихаттың депутаттығына сайланды. 2010 жылы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Экология саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, 1 және 3 Азаматтық форумының делегаты, 2005 жылы «Қазақстанның әлеуметтік жаңашылы» дипломымен және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бірнеше алғыс хаттарымен марапатталған.
К.Көбейсіновке Орда аудандық мәслихатының 1998 жылғы 2 желтоқсандағы №18 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
