15 ҚАРАША - ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ
Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!
Сіздерді, Ұлттық валюта – теңге күнімен және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
1993 жылдың 13 қарашасында Республикамыздың Ұлттық валютасы -теңгені айналымға енгізу жөнінде жарлыққа қол қойып, 15 қарашадан бастап қазақ елінің төл теңгесі отандық экономиканың өркендеуіне белсенді қызмет етіп келеді. Егемен елдің ажырамас айғағы ретінде ұлттық валютаның айналымға енуі – қоғам өміріндегі аса маңызды оқиға болды. Бұл Қазақстан Республикасының дамудың дара да даңғыл жолына түскендігін көрсетті. Ұлттық валютаның пайда болуы нарықтық қарым-қатынастың дамып, тиімді банк жүйесінің қалыптасуына тың серпін берді. Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі, халықаралық мәндегі серпінді жобаларды жүзеге асыру, инфляцияны тежеу және қаржылық нарықтың тұрақтылығын сақтау, экономикалық өсімді ынталандыру қаржы саласына тікелей байланысты. Тәуелсіздік жылдарында еліміз жаһандық нарыққа заманауи экономика құрып, көптеген шетелдік инвесторларды тартып, халықаралық қоғамдастықтың сенімді серіктесіне айналды. Осындай жетістікке жетуге, тәжірибелі, өз ісіне шынайы берілген, жоғары білікті мамандар еңбек ететін, ауданымыздың қаржы саласы қызметкерлерінің де сіңірген зор еңбегін атап өткен жөн. Себебі, сіздердің тәжірибелеріңіз, кәсіптік біліктіліктеріңіз ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосуда. Алдағы уақытта да еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге тілектеспіз. Сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
