15.06.17
Бүгін біз “Шеврон Inc. Мұнайгаз” филиялының “Атырау полиэтилен құбырлар” зауытына бардық. Онда біз құбырлардың функциялары және жасалу методы бойынша мәлімет алдық. Оларды бізге басты инженер-механиктер түсіндірген. Олардың түсіндіргені маған ұнады, олар барлық жауаптарымызға жауап берім, менің көңілімнен шықты.
Зауыт екі бөлімнен тұрады. Біріншіде бөлімде түрлі құбырлар жасалады. Ұсатылған пластик цистернада қажет температураға жылытып балқытылады. Кейін жасалған сұйықтықты құбырдың пішініне келтіреді. Құбыр суық температурада қатып, өз формасына сақталады. Технологиямен бөлек, біз жұмысшылардың өздері жайлы білдік. Біз олардың жұмыс жағдайынан бастап, жалпы зауытттардың кірістері мен шығыстары жайлы білдік. Маған осы зауытқа сапар қатты ұнады, өйткені менде қызығушылық сезімі туып, болашақта зерттеуге ынта туды.
Зауыттан кейін біз өте қызықты тарихи-өлкетану мұражайы мен өнер мұражайына бардық. Бұл жерде отандық суретшілердің түрлі суреттерін көрдік. Суреттер түрлі стильде алынған, әрқайсысының өзінің мағынасы бар. Бұл маған ұнады, себебі мен психологиялық ляззат алдым.
Қорытындылай келе, бүгінгі күн мағат ұнады. Мен уақытымды информативті және қызықты өткіздім.
