Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

14. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

Соғыс және еңбек ардагері.

(1922 ж.т., Атырау обл., Құрманғазы.) Полковник әскери шені бар. Еңбек жолын 1940 ж. Орда аудандық халық сотының хатшысы болып бастаған. 1942 ж. Ұлы Отан соғысына алынып, 304-дивизияның 807-полкінің сапында Сталинград үшін шайқасқа түсіп, ауыр жарақат алады. Госпитальдан шығысымен Калинин, I және II Прибалтика майдандарында 6-гвардиялық дивизияда байланысшы болады. Жеңіс күнін Каунаста (Литва) қарсы алады. Соғыстан кейін Орда орта мектебінде бірнеше жыл ұстаздық етті. Кейін Орда аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. 20 жылдан астам уақыт Қаратөбе, Жымпиты (қазіргі Сырым ауд.) аудандарында партия, кеңес органдарында басшылық қызмет атқарды. Сырым және Бөкей ордасы аудандарының құрметті азаматы, ІІ-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, екі мәрте “Құрмет Белгісі” ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

М.Әжіғұловқа Орда аудандық мәслихатының 1997 жылғы 7 мамырдағы №26 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
209

Еще по теме

14. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz