Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

14 МАУСЫМ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДОНОРЛАР КҮНІ.

Жыл сайын қан және қанның өнімдерін құюдың арқасында қауіп-қатер төнген адамдардың өмірін ұзартып, мыңдаған жанның өмірін сақтап қалуда донорлардың үлесі зор.

Маңғыстау өңірінде донорлар күніне орай бірқатар іс-шаралар жыл сайын белсенді түрде атап өтілетін. Алайда өткен және биылғы жылы коронавирус инфекциясымен байланысты шектеулерге байланысты, бұрынғыша шаралар үлкен көлемде өткізілмейді.

Орталықта тіркелген құрметті донорларға Маңғыстау облыстық Қан орталығының директоры Рафаэль Сарсамалиев салтанатты түрде алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырды. Ол науқастардың өмірін сақтап, ұзақ жылдар бойы үнемі қанымен бөлісіп келе жатқан донорларға жүрекжарды тілегін айтып, алғысын жеткізді. Ерікті өтеусіз донорлар қатары әлі де толығып, қанмен бөлісу арқылы денсаулыққа бірегей үлес қосып, басқаның өмірін ұзартамын деушілер қатары арта түсеріне сенім білдірді.

0
0
235

Еще по теме

14 МАУСЫМ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДОНОРЛАР КҮНІ. - Yvision.kz