13. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
Еңбек ардагері
(01.02.1930 ж.т., қазіргі Бөкей Ордасы ауд. Ұялы а.) – жергілікті басшы. Қазақстанның еңбек сіңірген ауылшаруашылығы қызметкері (1973). 1954 ж. Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын бітіргесін Бөкей Ордасы (бұрынғы Орда) ауданының шаруашылықтарында басшылық қызметтерде болған. 1964 ж. Орда кеңшарын құрған және басқарған. 1977-1986 ж. Орда аудандық партия комитетінің I хатшысы, кейін аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің бастығы қызметтерін атқарған. М. екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» (1966ж, 1971ж), «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды.
Т.Мырзағалиевке Орда аудандық мәслихатының 1996 жылғы 24 қыркүйектегі №11 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
