13 ҚАРАША - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҒИПТАР КҮНІ.
Халықаралық зағиптар күні - 1745 жылдың 13 қарашасы күні Валентин Гаюи дүниеге келгеніне байланысты аталып өтеді. Ол Францияда Парижде және Петербургте зағиптарға арналған бірнеше мектептің негізін қалаған танымал педагог. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен нақты осы күнді Халықаралық зағиптар күні деп белгіледі.
XVIII ғасырға дейін әлем зағиптарға арналған мекемелерді білмеді. В.Гаюи алғаш рет өзі ойлап тапқан шрифт бойынша көз жанарынан айырылғандарды оқытудың әдісін ұсынды. 1784 жылы Парижде үкімет пен қайырымдылық қоғамдардың еш қолдауынсыз ол жеке қаражатына өзінің үйінде зағип балаларға арналған әлемдегі алғашқы мектепті ашты.
Күн сәулесін бір сәтке болса да көру – зағиптар үшін өмірдегі баға жетпес, ең асыл арман. Айналасындағыны тек сипау арқылы ғана сезіп, көкірек көзімен көруден басқа қолдан келер қайран жоқ. Алайда, олар - жазмыштың жазғанына жасымайтын қайсар жандар. Сол қасиеттерінің арқасында өмірге деген ынталары арта түспесе, ешқашан кеміген емес.
