Батыс Қазақстанда бүлікші бар ма?

Ресейдің қауіпсіздік қызметтері соңғы кездері Солтүстік Кавказда лаңкестік әрекетті жүзеге асырмақ болған бірнеше Қазақстан азаматын қолға түсіргенін ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Олар...

Ресейдің қауіпсіздік қызметтері соңғы кездері Солтүстік Кавказда лаңкестік әрекетті жүзеге асырмақ болған бірнеше Қазақстан азаматын қолға түсіргенін ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Олар негізінен күнде бір жарылыс болып жататын Дағыстанда ұсталды. Мәскеу маңынан да лаңкестерге қақпан құрылып, жолдары кесіліпті.
Бұл мәліметтерді әсіресе ресейлік ақпарат құралдары үлкен дабыра қылып, бояуын қалыңдата жазғанына қарап кезекті бір саясаи қойылым деген сарапшылар да бар. Қазіргі күні ұйымдасқан қылмыс, есірткі трафигі, саяси және діни экстремизм секілді құбылыстар трансшекаралық сипатқа ие болып отыр. Ал біздің еліміз болса жанжалға толы өңірлерге тым жақын орналасқан. Сондықтан біздің елде лаңкестердің бой көрсетуін алдағы сасяи науқанмен байланыстыратындар да жоқ емес.
Тұрақсыздық жайлаған елде қолы жүретін кімдер? Әрине, радикалды діни топтар. Оларға адамның құны көк тиын екенін әлем түсінген. Демек, тәніңде қотыр бар екені рас болса, оны емдеп жазу керек. Асқынған жара алып жығады. Арам қанын ағызып отырып тырнап тастаған дұрыс.
Кешелі-бері ақпарат құралдарында қазақ Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі бірлесіп Батыс Қазақстанда арнайы операция өткізеді деген әңгіме тарады. Ресей ақпарат құралдарының айтуынша, операция таяу уақытта, наурыз немесе сәуірде жүзеге асырылуы мүмкін. Сарапшылар Батыс Қазақстан ғана емес, Маңғыстау мен Ақтөбе облысында да да Ислам атын жамылған радикалды топтар тамыр жайғанын айтады.
masa.kz интернет газетіне Ұлттық қауіпсіздік қызметіндегі дерек көзі бұл ақпаратты растады. Сұхбаттасымыз еліміздің батысында ондай жағдайдың бар екенін, радикалды топтардың іс-әркеттері мемлекетке қауіп төндіріп тұрғанын және арнайы операция дайындалып жатқаны шындық екенін жеткізді.


Оцените пост

0

Комментарии

0
Құдай сақтасын, бүлікші болмай шықса.. жақсы болар еді.
0
Сол бәлені елден тездетіп қуу керек, жақсылыққа апармайды!
Показать комментарии
Дальше