12. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(1938-2018 ж.ж қазіргі Бөкей Ордасы ауд.) – еңбек ардагері. Орал ауылшаруашылық техникумын, Алматы жоғағы партия мектебін бітірген. Еңбек жолын “Сайқын” кеңшарында зоотехник болып бастаған. Аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Жымпиты (Сырым ауд.), Каменка (Тасқала) аудандарында аупартком хатшысы, кеңшар директоры, облыстық архив және құжаттама басқармасының бөлім бастығы қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланған. “Халықтар достығы” орденімен, бірнеше медальмен марапатталған.
