12 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАМЕН ТАНЫСТЫ
Атап өтсек, облыстық Қоғамдық штаб Нұралы Әбішев, Тимур Қырықбаев, Марат Қалдыбаев пен Асқар Қайназаров Жетісай қаласындағы М.Горький мектеп-гимназиясында болып, кандидат бағдарламасындағы әрбір бағыт табысты ұлт болудың алғышарты екендігін түсіндірді. Ауыл мен қала тұрмысының деңгейін жақындатуға күш салынатынын айтып, мемлекет саясатын қолдауға шақырды.
Сондай-ақ, Отырар ауданындағы қоғамдық штаб өкілдері Арыс ауылына барып, әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің ұжымымен кездесу өткізді. Қоғамдық штаб мүшелері Күлзейнет Әлмешова, Абай Құрман, Сәкен Кішібай және Талғат Бейсен әлеуметтік сала қызметкерлеріне кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасаға, Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды.
Сонымен қатар, Сайрам ауданындағы штаб мүшелері Әлібек Байназар, Амангелді Қабылбеков, Бадриддин Нышанқұлов, Базарбай Айтбаев, Бақтияр Батаев пен Акмалжан Исаков этнос өкілдерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламадағы ортақ құндылықтар аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Мемлекетті халық құрады, ал халықты ортақ құндылықтар ұйыстырады. Әділетті Қазақстанды айқындайтын басты құндылықтар – еліміздің тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы мен унитарлығы, бірлік, отаншылдық, еңбекқорлық, отбасылық құндылық, халқымыздың тарихы мен дәстүрі. Осы құндылықтарды нығайта отырып, біз елімізді ішкі және сыртқы сын-қатерден қорғаймыз, азаматтарымызды жарқын болашаққа бастаймыз»,- деді штаб мүшесі Әлібек Байназар.
Сенімді өкілдер Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған «Әділетті мемлекет – әділетті экономика – әділетті қоғам» қағидаттарынан тұратын бағдарлама еліміздің алдағы 7 жылдағы даму жолын айқындап бергенін атап өтті.
Жиын соңында алдағы сайлауға белсене қатысып, барша азаматты теңқұқықты, Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
#TOQAEV2022
