Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

12 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРБИКЕЛЕР КҮНІ!

12 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРБИКЕЛЕР КҮНІ!

1971 жылы Дүниежүзілік Медбикелер Кеңесінің ұйғарымымен ба- стау алып, содан бері Медбикелер күні деп аталып келе жатқан осы күнді ресми мереке ретінде атап өту бүгінде дәстүрге айнал- ды. 12 мамыр – медбике ісінің негізін салушы, ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейлдің туылған күні. Флоренс Найтингейл Қырым соғысы кезінде (1853-1856) тұңғыш болып мейірбикелер қызметін ұйымдастырған. Сондықтан Халықаралық Мейірбикелер кеңесі осы даңқты әйелді мәңгілік есте қалдыру мақсатында 12 мамырды Халықаралық мейірбикелер күні деп қабылдап, сол жылдан бері осы күн денсаулық сақтау саласында ерекше мереке ретінде тойланып келеді. Әлемнің 141 елінен мейірбикелер жиналып «Халықаралық Медбикелер Кеңесі» деп аталатын қоғамдық ұйым құрғаннан кейін 12 мамыр - Дүниежүзілік мейрам мәртебесіне ие болды. Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан кейін біздің елімізде де 12 мамыр - мейірбикелер күні болып ресми түрде тіркелді. Өмірге сән беріп, тіршіліккке нәр беріп, қалтқысыз қызметін ұсынып, мейірімділік пен жылықтың символына айналып, игілікті мамандық иесі атанған мейірбике ісі – қашанда сый-құрметке лайық. Өйткені, тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда мейірбике жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан мейірбикелік кәсіп немесе мейірбике ісі денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі. Олай болса, денсаулықтың жаршысы, адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы, Гипократ антын қабылдап, міндетін мінсіз атқарып жүрген баршаңызды Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай етіп етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!

0
0
330

Еще по теме

12 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРБИКЕЛЕР КҮНІ! - Yvision.kz