Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

12.03.2015

2015 жылғы 17 наурызында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысындағы Тәртіптік кеңесінің отырысы өтеді.
Отырыста Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Э.Ч.Майтпасовтың және оның орынбасары Н.Т. Серикбаевтың, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тараз-Арена» мемлекеттік кәсіпорынның директоры Н.А.Толегеновтың және оның орынбасары Н.Б.Саурыковтың тәртіптік істерін қарау жоспарлануда.
Сонымен қатар, Байзақ және Меркі ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдерінің басшылары Т.Бибосыновтың және А.Махановтың, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №19 Қордай колледжінің директорының м.а. Е.Абиловтың және Талас ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 9 мектеп директорларына қатысты тәртіптік істерін қарау жоспарланып отыр.

0
0
396

Еще по теме

12.03.2015 - Yvision.kz